Ұйымдастыру-педагогикалық бағыт
Колледж миссиясы қаланың және өңірдің еңбек нарығында талап етілетін құзыреттілік әдіс негізінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды мақсат тұтқан Халықаралық стандарттарға бағытталған жоғары сапалы білім беру қызметін ұсыну.
Сапа аясындағы стратегиялық мақсаттар
- Білім беру қызметі сапасына және оларды ұсыну амалдарына әсер ететін барлық үрдістерді мақсатты түрде және келісілген түрде басқаруға қолжеткізуге мүмкіндік беретін ҚР ИСО 9001-2016 СТ талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіріп отыру.
- Ғылым, тәжірибенің және нарық сұраныстары өзгерістерінің даму қарқындылығына сәйкес біліктілік әдісі негізінде білім беру қызметі мазмұнын үздіксіз шығармашылық тұрғыда жетілдіріп отыру, тиімді білім беру технологияларын қолдану.
- Білім беру үрдісін цифрландыру негізінде білім беру қызметінің мазмұнын және әлемдік тәжірибені ескере отырып, оқу үдерісіне жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктерін, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында тәрбие жұмысын үздіксіз шығармашылықпен жетілдіру. ».
- Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы:
- ҚР 2020-2025 жылдарға арналған білім және ғылым беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бағыттары бойынша: кәсіптік білім алу үшін жағдай жасау арқылы жастар әлеуметтік-экономикалық ықпалдастығы; оқу орындары беделін арттыру; білім алуға қолжетімділігін және кадрларды дайындау сапасын қамтамасыз ету;
- 2020-2025 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту, қауіп факторларын алдын алу, санитарлық және әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету;
- Оқытушылық құрамның кәсіби біліктілігі деңгейін арттыру және оның қызметін ұйымдастыру үшін мотивация қағидалары мен әдістерін жетілдіру.
- Қашықтықта оқыту негізінде және білім беру үрдісінің нәтижесінде талдалама жасау үшін қызметкерлердің АКТ құзыретілігін жетілдіру және дамыту, білім беру үрдісінің тиімділігі және ашықтығы үшін барлық мәліметтер базасын кіріктіру.
- Қызметкерлер мен білім алушылардың жұмыс жағдайлары мен оқу-материалдық базасын толықтыру және жаңарту.
- Білім беру қызметтері сапасының мемлекеттік стандартқа сәйкестігіне қолжеткізетін тұтынушыларға орасан зор тұрақтылық пен алдын ала болжам жасау есебінен колледждің инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру.
- Мамандар даярлау үрдісінде колледжде медициналық білім беру ұйымдарымен кіріктіру, біріккен жобалар мен білім беру бағдарламаларын, оның ішінде халықаралық қатысулармен жүзеге асыру.
Күтілетін нәтижелер
- Әрқашан жоғары сападағы медициналық білім беру қызметтерін ұсынатын тұрақты және сенімді оқу орны ретінде жеке имиджін қалыптастыру.
- Ішкі және сыртқы тұтынушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруды қамтамасыз ету.
- Колледждің барлық қызметкерлері мен оның тұтынушыларына сапа жағынан мәселелерді шешудің бірыңғай қағидалары, тәсілдері, үрдістері негізінде білім беру қызметтері сапасы менеджментінің жүйеленген, ашық тиімді жүйесін құру.
- Білім алушылардың қоғамда өзін ойдағыдай орнықтыруы үшін білім, білік-дағды алуына кепілдік беру .
- Қызметкерлердің біліктілігі, жалпы мәдениеті мен орындаушылық тәртібін жоғары деңгейге жеткізу, білім алушыларға тұлғалық-бағдарланған, студенторталықтандырылған әдістерді қолдану.
Колледж келесі нормативтік құқықтық актілер негізінде оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асырады:
- ҚР «Білім беру» туралы 2007 ж. 27 шілде № 319-III;
- ҚР «Педагог статусы» туралы Заңы 2019 ж. 27 желтоқсан № 293-VІ ҚРЗ
- ҚР «Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережелері» туралы Заңы 2007 ж. 29 қарашаның ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің №583 бұйрығы
- «Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметінің үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі» 2007 ж. 21 желтоқсанның Білім және Ғылым Министрлігінің № 644 бұйрығы
- 2020 ж. 11 мамырдың №190 «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Білім және Ғылым Министрлігінің бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 «Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» бұйрығы; -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережелері мен шарттары» бұйрығы және т.б.