Медбикелік іс
09130100 «Медбикелік іс» мамандығы
4S09130103 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігімен
0302043 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігін тағайындап 0302000 «Медбикелік іс» мамандығы бойынша мамандар даярлау 1935 жылдан бастап жүргізіледі.
Оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Білім саласындағы бақылау департаментінің 2016 жылғы 24 қазанда № KZ08LAA00032843 сериялы білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген мемлекеттік лицензиясы негізінде шектеусіз уақыт жүзеге асырылады.
Оқу түрі – күндізгі бюджеттік және ақылы негізде, оқыту жалпы орта білім негізінде жүзеге асырылады.
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Колледждің міндеті – қала мен облыстың медициналық ұйымдарының қажеттіліктерін жоғары білікті орта буын мамандармен қамтамасыз ету.
Жоғары сапалы білім беру қызметтері – колледж жұмысының негізгі басымдығы, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, өз міндетін сәтті жүзеге асырудың негізі болып табылады. Әлеуметтік серіктестермен тиімді ынтымақтастық жалғасуда. Меморандумдар, Нұр-Сұлтан қаласының 28 медициналық ұйымымен ынтымақтастық туралы екі жақты және үш жақты келісімдер жасалған. Әлеуметтік серіктестер тәлімгерлік жүйенің жұмыс істеуін, студенттердің клиникалық тәжірибеден өтуі үшін қолайлы жұмыс ортасын қамтамасыз етеді. Клиникалық тәжірибе теориялық білім, білік, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға және игеруге бағытталған. Жұмыс берушілер түлектерді Қорытынды аттестаттауға қатысады.