8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

26.09.2024 ж. колледждің жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде қарастырылды:

  1. 2023-2024 оқу жылында колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы. Баяндамашы: Шокеева А.С. -тәжірибе меңгерушісі.
  2. Педагогикалық этика және деонтология туралы. Оқытушылардың лауазымдық нұсқаулықтары. Баяндамашы: психолог- Карабаева Ж.С., Кадышева И.В. - директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.
  3. "Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі" тақырыбы бойынша ата-аналарға жиналыс өткізу туралы. Баяндамашы: Ахмет К.Ы.-директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
  4. Колледждің сыбайлас жемқорлық тәуекелін ішкі талдауы туралы Комплаенс-офицердің ақпараттық-түсіндірме жұмысы. Баяндамашы: комплаенс офицер.

          12.09.2024 ж. Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледжі" ШЖҚ МКК жас педагог мектебінің отырысы  өтті. Мақсаты жас мамандардың кәсіби қалыптасуы үшін жағдай жасау, лауазымға кіруді қамтамасыз ету болып табылады.  Жас оқытушылар мектебінің алғашқы отырысы-жаңадан бастаған оқытушылардың өміріндегі маңызды оқиға. Бұл жас оқытушылар білім берудегі мансаптық өсу мен даму жолына алғаш рет қадам басқан сәт. Мұнда олар білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар Табысты оқытушы болу үшін қажетті шабытты да алады. Оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Тлеужанова А.Б. жас оқытушы мектебінің мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат беріп, жұмыс оқу бағдарламалары мен сабақ жоспарын құрылуына тоқталды.   Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Кадышева И.В. жас оқытушыларға колледжде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін пайдалана отырып, теориялық, симуляциялық оқыту журналдарын жүргізу және Платонус бағдарламасында ұсынымдар жасады. Оқу процесін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аубакирова Ж. Ө. Платонус бағдарламасында да, теориялық, симуляциялық оқыту бағдарламасында да журналдарды уақтылы толтырудың маңыздылығын атап өтті.

  

30.10.2024ж. "Жас педагог" мектебінің алғашқы оқыту семинары өтті. Семинар барысында жас мамандарды "оқу үрдісін сауатты жүргізу ережесімен", " білім беру технологияларын қолданудың тиімділігімен" таныстырып,  "Уақытымды жақсы істерге арнаймын" атты  психологиялық тренингпен аяқтады. 

 

28.11.24 жылы колледжде Педагогикалық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1) Мамандардың жаңа моделін даярлау және қалыптастыру үрдісінде психологиялық-педагогикалық сабақтастыққа жағдай жасау. І курс студенттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.

3) Үздіксіз медициналық білім беру жүйесінің инновациялық дамуы. "Денсаулық сақтау ұйымдарында - колледждің клиникалық базаларында медбикелік іс қызметінің жаңа моделі".

4) Астана қаласы әкімдігінің " Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК сыйлықтар беру және іскерлік қонақжайлылық белгілері туралы.

 

2024 ж. қазанның 01-11 күндері қалалық деңгейде «Қазақ тілін оқытудың үздік әдістемесі» байқауы өтті. Байқауға қазақ тілі әдебиетінің оқытушысы Разакова Р.О. қатысты. Нәтижесінде, қатысу сертификатына ие болды.

 

2024 ж. қараша айында «Мейіргер ісіндегі қолданбалы бакалаврлардың денсаулық сақтау жүйесіндегі орны. Цифрлық дәуірдегі даму» атты  Республикалық сайыс өткізілді.  Колледжден  7 оқытушы қатысты: Жиеналина Б.А., Акбергенова Ж.К., Амантаева Т.Ш., Ерболатова А.Е., Кертаева М.М., Алиев А.Р., Байленов А.Е.

 

2024 ж. 27 қараша күні  «Акушер» мамандығы бойынша «Шұғыл жағдайлар» атты Республикалық  бейнероликтер онлайн байқауы өткізілді.  Ұйымдастырушы колледж Қостанай жоғары медициналық колледж. Байқауға арнайы пәндер оқытушылары Майжанова Г.Т., Толекова С.З. қатысты. 

 

2024 ж. 09 желтоқсан күні «Шұғыл көмек» атты республикалық бейнероликтер байқауы. Байқау ұйымдаструшы медициналық колледж «Томирис». Колледжден білім алушылар: Балайхан Гаухар, Қасен Азамат, жетекшілері: Толекова С.З., Майжанова Г.Т., Қозыбекова Айша, жетекшілері: Майжанова Г.Т., Касымбекова А.А., Нәтижесінде,  Козыбекова А.  Диплом І орын.  

 

2024 ж. 11-12 желтоқсан күні  «Акушерлік іс» мамандығы бойынша  педагогтар арасында Республикалық байқау өткізілді. Колледжден  акушерлік және гинекология оқытушысы Бимендина Дарига Ауезхановна қатысып, ІІІ орынға ие болды.  

 

12.12.2024 ж..   «Медицина саласының қазіргі тенденциялары: білім беру және практика» атты қалалық семинары өтті.  Арнайы пәндер оқытушылары  Толекова С.З., Майжанова Г.Т.  қатысты.

19.12.2024ж. «Жас педагог» мектебінің жоспарына сай «Білім саласындағы менің бағытым» атты семинар  өтті.

2024 жылы желтоқсан айында ІV Республикалық  ғылыми-практикалық  конференция өтті. Ұйымдастырушы Семей қ. Д. Қалматаев атындағы  «Жоғары медициналық колледж».  Конференцияға қатысқан арнайы пәндер оқытушылары: Жиеналина Б.А., Акбергенова Ж.К.

              

 

2024 жылдың 26 желтоқсан күні әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды.

  1. Аттестатталатын оқытушылардың жұмыс тәжірибесі есебін талдау және қорытындылау. Несипбаева З.Ж.
  2. Оқу үрдісіндегі цифровизация. «Platonus» ААЖ, ҰББДҚ (НОБД) туралы ақпарат.                                                                Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.                                                                                   
  3. Оқытушыдардың біліктілік санаттан өтуі туралы.Оқу-әдістемелік бөлім басшысы                                                                                       
  4. ҚР терроризм және экстремизмге қарсы әрекет туралы Заңы. Колледж заңгері.

 

 

20.01.2025ж. бастап 31.01.2025ж. дейін оқытушылардың біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес    тарих пәнінен 2 педагог Бутабаева С.Е., Муратова М.К. курс өтті.  27.01 бастап 07.02.2025 ж. дейін замануи технологиялар бойынша - 20 педагог  және  1 педагог ағылшын тілінен курс өтті.  

 

2025 ж. 28 қаңтар күні  «Современные подходы в подготовке специалистов в системе ТиПО» атты XI қалалық ғылыми-практикалық   конференция өтті.   Келесі оқытушылар қатысты: Туканаева С.С., Джолдинова К.К., Разакова Р.О., Абдирова Г.О.

 

30.01.2025 ж. педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.  

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

  1. Колледждегі қысқы сынақ-емтихан сессиясының қорытындылары туралы және 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне арналған міндеттер. Бөлім меңгерушілері.
  2. 2024 жылға колледждің қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебі. Бас есепші.  
  3. Сапалы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру. Колледж фельдшері.                                                                                           
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандартына өзгерістер енгізу туралы. Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

                                                                             

19.02. бастап 24.02.2025 ж. дейін    «Үздік педагогикалық идеялар» атты қалалық байқауы өтті. Колледжден  13 педагог қатысты. Оның ішінде 3 педагог: Бутабаева С.Е., Разакова Р.О., Аубакирова Ж.О.  3 орынға ие болды.

2025 ж. 24 ақпан күні  «Кәсіптік бағдар – дұрыс таңдау- табысты мансап» атты қалалық кәсіби бағдар беру топтарының байқауы өтті.. 4 студент қатысты.  Сертификатқа ие болды.

 

2024 жылдың 25 ақпанында колледжде оқытушыларды аттестациялау аясында Ашық есік күні өтті. Ашық сабақтарды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Разакова Р.О. және арнайы пән оқытушысы Толекова С.З. өткізді. Сабаққа ТжКБ бөлімінің әдіскері Исина Нағима Сәткенқызы қатысты.

      

 

 

 

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс