20 қазан күні оқу залында халық жазушысы, ақын Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына арналған «Жұбанның ақындық әлемі» атты кітап көрмесі туралы пікірталас өтті.
Іс-шараның мақсаты:
-
оқушылардың қазақ поэзиясына деген қызығушылығын арттыру,
-
Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру,
-
мәдени мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу,
-
кітап оқу мәдениетін дамыту.
Кездесу барысында кітапханашы А.Б. Хамзина ақынның өмірбаяны мен шығармашылық жолының негізгі кезеңдеріне тоқталып, оның қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесі мен патриоттық рухтағы шығармаларын атап өтті.
Іс-шараға 123 топ студенттері қатысты. Кездесу соңында студент Бердмұрат Бейбарыс «Қазақ тілім» өлеңін оқыды.


