8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  24.04.2024ж. Жоғары медициналық колледждің оқу залында 124 м/і тобы студенттерімен топ жетекшісі Е.Копбаева «Эко-Time» тақырыбында танымдық сағатын өткізді. «Эко-элем» бағыты адамдарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру арқылы қоршаған ортаны қорғауға шақырады. Білім алушылар қоршаған ортаға саналы түрде қарау, материалдық құндылықтарды қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және табиғатты құрметтеуге бағытталған тың материалдармен танысты. Олар әртүрлі экологияға зиянды заттарды күнделікті пайдалануға, әсемдік зат ретінде қолдануға болатындай заттар жасады. Ол студенттердің қызығушылығын тудырды.

  24.04.2024ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары «Ашық есік күні» аясында №85 орта мектеп, №86 мектеп - гимназиясында – Аренова М.Б., Ы.Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL– Жетибаева Ұ.Ж., №77 мектеп - гимназия – Угланова А.Ш., №94 мектеп-гимназия – Кертаева М.М., №18 орта мектеп – Тулеутай Б.М., №80 мектеп-гимназиясында – Алиев А.Р., №17 мектеп - гимназия – Абдирова Г.О., №40 орта мектеп – Сарсенбаев П.А., №66 мектеп - лицейінде – Мусажанова М.К. оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар колледж дайындайтын мамандықтар бойынша ақпараттандырылды.

  «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-5 Заңына және Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылға арналған негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, сондай-ақ біліктілігін арттыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ Жоғары медициналық колледжі (бұдан әрі – колледж) жанындағы МКҚК (бұдан әрі – колледж) оқу ғимаратынан өрт кезінде ескерту және авариялық эвакуациялау кезіндегі іс-шаралардағы қызметкерлер мен студенттердің, 2024 жылғы 24 сәуірде «4-қабатты аудиторияда өрт болған жағдайда оқу ғимаратының аудиториясынан эвакуациялау кезіндегі персоналдың іс-әрекеті» тақырыбы бойынша объектілік оқыту өткізілді.

  2024 ж. 22 сәуір күні «Заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып, акушерлік және гинекологияның іргелі және қолданбалы аспектілер» атты Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Колледжден 121 акушер тобының студенті Асатулла Мадина қатысты. Зерттеу жұмысының тақырыбы «Жүкті әйелдердегі аяқ варикозының алдын алудағы акушер рөлі». Жетекшісі: арнайы пәндер оқытушысы Анарова А.А. Нәтижесінде, ІІІ орынға ие болды.

  20.04.2024ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері «Таза аула – Таза қала» экологиялық акциясы аясында колледж, жатақхана маңына сенбілікке шықты.
Олар колледж қоршауын сырлады, апта бойы жиналған қоқыстарды тазалап, шығарды. Қолайлы ауа-райы білім алушылардың көңілін көтерді, 12 м/і тобы қабылдап алған челлендждерін келесі топтарға жолдап, видеоролик түсірді. Таза аула – денсаулық кепілі.
#GreenCity
#AstanaGreen
#Tazameken
#КөркемAstana
#ТазаАстана

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс