
27.02.2024ж. «ҚАУІПСІЗ СТУДЕНТТІК ӨМІРІ» онкүндігі аясында Жоғары медициналық колледждің 131 «Акушерлік іс» тобы студенттері арасында топ жетекшісі А.Анарова «Төтенше жағдайлар және алғашқы көмек» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Алғашқы медициналық көмек оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілетін шаралар кешені екендігін, ең жиі кездесетін төтенше жағдайларда көрсетілуі тиіс алғашқы көмек түрлерінен ақпараттар беріп, оны тәжірибеде көрсетті.

15.02.2024ж. Жоғары медициналық колледж 11 м/і, 13 м/і, 14 м/і топ студенттері арасында тарих пәні оқытушысы С.Сулейменова «Заң және тәртіп» аясында «Біз өз құқығымызды білеміз бе?» атты тақырыпта зияткерлік ойынын өткізді. Ойын барысында әр топ білім алушылары өз құқықтары бойынша пікір алмасты. Ойын нәтижесінде орындар беріліп, 11 м\і білім алушылары жеңіске жетті.

27.02.2024ж. Жоғары медициналық колледждің 14 м/і кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылары арасында алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы М.Т. Жидебай «Төтенше жағдайлар және алғашқы көмек» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттердің жеке бас қауіпсіздігі оның алдын алу бойынша түсіндірілді. Студенттер тарапынан болған сауалдарға жауап берді.
Астана қаласы әкімдігінің “Жоғары медициналық колледжі” Сессияны сәтті аяқтап ІІ семестрге қадам басты!
#Ерлік#батырлық#қауіпсіздік @bilimastana @astana_adistemelik_ortalyq

Колледж оқытушылары «AQNIET» Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының филиалы ұйымдастырған «2024» Спартакиадасының ашылу салтанатына қатысты

22.02.2024ж. Жоғары медициналық колледждің студенттері арасында педагог-психолог Р.Құлахметова «Мен және қоғам» байланыс сағаты аясында «Жат қылықтардан аулақ болайық» (Ішімдік және есірткі – тұңғиыққа қадам) тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Шара барысында білім алушылар жат қылықтардың қоғамға келтірер зиянын насихаттау барысында көріністер қойды, презентация көрсетті.

