+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  2023 ж. қазанның 12 күні Жас оқытушы мектебі жоспары бойынша «Замануи  сабақтың  талаптары.  Негізгі  кезеңдері» тақырыбында оқыту семинары өтті. 
  Жалпы білім беру пәндер оқытушысы Боккарина К.Б. «Критериалдық бағалау» тақырыбында  және  жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы Тургынова Ж.О. «Замануи сабақты өткізудегі қойылатын талаптар, негізгі кезеңдер» тақырыбында  баяндамалар оқылды. Семинар барысында  сабақтың құрылымы, сабақ әдістері, сабақ түрлері және бағалау критерийлері бойынша саұрақтар көтерілді. 

 

  2023 жылдың 04 қазанда Астана қаласы Жоғары  медициналық колледж кітапханасының оқу залында Ұстаздар күніне орай “Ұстаз-ұлы есім” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу,сыйлау және қадірлеу қасиеттерін білім алушылардың бойына дарыту. Жас ұрпақты тәрбиелеу , білім беру жолындағы оқытушылардың толымды еңбегі шын пейілге және алғысқа лайық екендігін кітапханашылар ұйымдастырған кітап көрмесі арқылы студенттерге айқын жеткізеді.

  29.09 – 30.09.2023 ж. Жоғары медициналық колледж топ жетекшілері өз топтары арасында 01 қазан – Қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты тақырып аясында бірыңғай сынып сағаттарын өткізді.

 

  28.09.2023ж. Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенттері «Астана жастары» ЖРО КММ жастар бастамаларын қолдау бөлімінің маманы Балтабева Алуа Талғатқызы мен волонтер Бекен Бекзат Берікұлымен кездесті.      

  А.Т. Балтабева колледж білім алушыларына жастар бастамаларын қолдау, «Астана жастары» КММ жұмысының барысы мен мақсат міндеттері жайлы айтты. Студенттерді еріктілік жұмысқа шақырды. Колледж студенттері арасынан волонтерлыққа 17 білім алушы ниет білдірді.

 

  27.09.2023ж. Жоғары медициналық колледж волонтерлары 01 қазан – қарттар күніне орай Астана қаласының тұрғындары, жалғызбасты қарттардың үйінде болып, азық-түлік себеттерін алып барды.

  Үйлерін тазалап, суын алып келіп, көмек көрсетті. Дән риза болған қарттар волонтерларға ризашылығын білдірді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс