№6 қалалық емханасының бас дәрігерімен кездесуі өтті
- Қаралды: 1404
2021 жыл 13 қыркүйек күні Жоғары медициналық колледж білім алушылары Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, №6 қалалық емханасының бас дәрігері Байсеркина Динара Сатжановнамен кездесуі өтті. Ол бітіруші курс студенттерімен кездесіп, өзінің еңбек жолы мен өмірбаяны, медбикенің жұмысы және №6 емханаға жұмысқа орналасқан ЖМК түлектерінің жетістіктері туралы айтты. Жас мамандарды қолдау шаралары туралы айтып, болашақ медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында колледж директоры Саржанова Акбала Нурсеитовна Динара Байсеркинаны колледждің тарихымен, мамандарды даярлау бағдарламаларымен, қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмысымен, оқу базасының жағдайымен таныстырды.

Құрметті, Жоғары медициналық колледж студенттері!
Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінде "Право" қоғамдық қорының психологтары Н. Амангелдіқызының, Д.Р. Менденованың қатысуымен "Күйзелістегі өзін-өзі қалпына келтіру" тренингі өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінің студенттері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана Жастары" КММ бастамасымен құрылған "Taza Alem 2021" экожобасы аясында сенбілікке қатысты.

