+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

15 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінде 2020-2021 оқу жылының түлектеріне арналған онлайн-форматта дәстүрлі "Бос орындар жәрмеңкесі" өтті. Мақсаты: жеке бөлу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және елорданың 29 медициналық ұйымының жұмыс берушілері қатысты. "Емдеу ісі", "Мейіргер ісі", "Зертханалық диагностика" және "Фармация" мамандықтары бойынша бітірушілер одан әрі жұмысқа орналасу орындарымен қамтамасыз етілді.

2021 ж. 14 сәуір күні «ТЖКБ қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізу ерекшеліктері» тақырыбы бойынша Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары Ассоциациясының вебинары болды.

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінен» ШЖҚ МКК директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары И.В.Кадышева «Реализация образовательной программы прикладного бакалавриата по медицинским специальностям» тақырыбы бойынша баяндама оқыды. Кадышева И.В. қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі кезеңдері, қалалық клиникалық базалармен серіктестігі туралы, оқытушылардың әлеуетін арттыру туралы,білім беру үрдісіндегі инновациялық технологияны пайдалану туралы, бітірушілердің дипломдық жұмыстарын орындау туралы баяндады.

13.04.2021 Ж. Нұр-сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының маманы Бекишева Индира Галимовна және бөлім басшысы Байбусинов Айбар Анарбекович діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында колледж оқытушылары мен студенттеріне "Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі" тақырыбында дәрістер оқыды.

Ағымдағы жылдың 02 сәуір күні «Сөз зергері» дебат клубы мүшелерімен студенттер арасында «Айтыс – жастар көзқарасында...» атты дебат өтті. Ж.Жабаевтің 175 жылдығы аясында ұйымдастырылған дебатта білім алушылардың айтыс өнеріне деген көзқарасы талқыланды. Сөз қадірін білген қазақ халқының құндылықтары жайлы сөз қозғалды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс