8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

АНОНС

ХАБАРЛАМА

Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

2025 жылғы 02 мамырдан 16 маусымға дейін

 

2025 жылғы Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне (бұдан әрі - СЖТІТ) және Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК (бұдан әрі - Колледж) директорының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №170 бұйрығына сәйкес колледж қызметінде СЖТІТ-ы өткізілетін болады.

 Колледж қызметіндегі  СЖТІТ  келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Тексерілетін кезеңде колледжде қабылданған қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

3) Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

4) Оқу-өндірістік қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

5) Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

6) Оқу-тәрбие қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

7) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

8) Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

9) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алқалы, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында жариялап талқылау;

10) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша қорытынды анықтама дайындау;

11) Ашық интернет-ресурстарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жариялау.

Жұмыс тобы өткізетін іс шаралар:

1) 2025 жылғы 17 сәуірде интернет-ресурста, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде СЖТІТ жүргізуді бастағанын жариялау;

2) 2025 жылғы 02 маусымда интернет-ресурста, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау басталды;

3) 2025 жылғы 10 маусымда СЖТІТ нәтижелерін, оның ішінде СЖТІТ субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алқалы, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында жариялап талқылау;

4) 2025 жылғы 17 маусым мен 01 шілде аралығында СЖТІТ нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қою;

5) 2025 жылғы 17 маусым мен 01 шілде аралығында СЖТІТ нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

6) 2025 жылғы 01-03 шілде аралығында Колледждің интернет-ресурсында талдамалық анықтама мен іс-шаралар жоспарын орналастыру;

7) 2025 жылғы 01 шілдеден 2026 жылғы 02 мамырға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат дайындау жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мониторингі;

8) 2025 жылғы 27 маусымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесін жасау.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс