8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  2024 жылдың 17 сәуірде “Жоғары медициналық колледж” кітапхананың оқу залында “Эко 8 минуттық оқу” жобасы аясында “Экология және біз” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:табиғат адамның тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы екенін, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін жас ұрпақ бойына қалыптастыру. Студенттерді тақырып аясында жасалған кітап көрмесімен таныстырып, табиғат және экология жайлы көптеген қызықты мәліметтер айтылып, талқыланды. Қорыта келіп табиғатты аялау, қорғау әр адамның азаматтық борышы екендігі баса айтылды.

  16.04.2024ж. Жоғары медициналық колледж оқытушысы М.О.Жакупова Астана қаласы мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында №6, 22 мектептерінде болып, колледж дайындайтын мамандықтар бойынша ақпараттар берді.
  Оқушыларға медицина мамандығының маңызы мен қоғамдағы сұранысы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық материалдар таратты, колледж мамандықтары жайлы видеоролик көрсетті.

  16.04.2024 ж. Жоғары медициналық колледж студенттеріне жасөспірімдер арасында қақтығыстардың түрлері және оның алдын алу эмоциялық күйін байқау және шешу жолдарын көрсету мақсатында «Қақтығыстарды шешуге үйрету» атты тақырыпта Астана қаласы №3 қалалық емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі мен «Жас Толқын» ЖДО психологі А.Е.Рахимжанова психологиялық семинар тренингін өткізді.
  Студенттерге қақтығыс, оның түрлері, құрылымы туралы теориялық материалды түсіндірді. Жанжалды жағдайларды талдау қабілетін қалыптастыруға үйретіп, қақтығыстарды шешудің баламаларын табуды көрсетті. Өз бетінше шешім қабылдау, бастамашылық таныту, топқа, ұжымға кіру және өз үлесін қосу, қиындықтарға төзімділік танытуға бағытталған ақпараттар берді. Жеке кеңес алуға шақырды.

  16.04.2024ж. Жоғары медициналық колледждің Студенттік Парламент Дебат қозғалысы фракциясының мүшелері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде «Киелі мекен» бағытында «Эко дебат» өткізді. «БП: Қазақстандағы табиғи су апаттарына төтеп бере алмауға кінәлі мемлекет деп есептейді» тақырыбындағы дебат студенттер арасында кең тартысқа түсті. Әр команда өз ой пікірлерін аргументтермен дәлелдеуге тырысты. Экологиялық жағдайлардың білім алушылар назарынан тыс қалмағандығы дәлелденді. 113 м/і қ.бакалавр тобының студенті Шавхиева Гулмира ойынның ең үздік спикері деп танылды.

  16.04. 2024 ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ» апталығына орай «Эстетикалық қарым-қатынас» бағытында «Жастар» театрында өткен «Сүйікті етші, сүйіктім» атты лирикалық драмаға барды. Қойылым білім алушыларға қатты ұнады. Театрда естелікке суретке түсіп, жақсы әсермен келді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс