01.12.2022ж. Колледждің 2 курс студенті Нурмухаммедова Жасмина табыстың 7 бағыты бойынша «Елбасы Медалі» жобасының күміс медаль иегері атанды. «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» ЖҚ ұйымдастырған шара Жаңа оқушылар сарайында марапаттау рәсімі түрінде өтті.
Жасминге алар биіктерің алда деген ниетпен жеңісің құтты болсын дейміз!

Астана қаласының жоғары медициналық колледж қабырғасында "Оқуға құштар колледж'' тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2022 жылғы қараша айының 29-шы жұлдызында "Мен кітапты ашамын, мен әлемді танимын" атты әдеби кейс өткізілді.
2022 жылы 28 қараша күні "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы Жоғары медициналық колледжінде қазақ тілі пәнінің оқытушысы Р.О Разақованың ұйымдастыруымен 1-курс топтары арасында "Менің өмірімді өзгерткен кітап" атты эссе байқауы өткізілді.
25.11.2022ж. Жоғары медициналық колледжде «Күз ханшайымы» өз мәресіне жетті. 4 кезеңнен тұратын байқауға студенттер белсене ат салысты. 16 топтан қатысқан білім алушылар «Таныстыру», «Ән мен клип», «Күзгі сән үлгісі», «Өнер көрсету» кезеңдеріне өте үлкен дайындықпен келгендігі көрінді.
2022 жылы 23 қараша күні "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатыда Астана қаласының Жоғары медициналық колледжінде тарих пәнінің оқытушысы С.Н.Сулейменованың жетекшілігімен 21 м/і, 114 м/і топтарында "Бабалар үні" Әйтеке би" тақырыбы бойынша ашуызша журнал іс-шарасы өткізілді. Білім алушылар қазақ тарихындағы кемеңгер бабалардың бірі Әйтеке би туралы көптеген тарихы, қызықты мағлұматтар алды.
18.11.2022ж. Жоғары медициналық колледж студенттері Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен қала колледждері арасында 27.10-07.11 аралығында ұйымдастырған «Салауатты денеде – салауатты рух» атты фото байқауына қатысты.