18.11.2022ж. Жоғары медициналық колледж кәмелеттік жасқа толмаған студенттері арасында Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігер үйлестірушісі Хамзин Қанат Жайыкович, орталық психологі Темирханова Асия Амангельдиновна «Психо-белсенді заттардың алдын алу (электрондық темекі, кальян, насыбай, есірткі). Физикалық белсенділік және тиімді тамақтану» тақырыбында семинар өткізді.
Шара барысында психо-белсенді заттардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Білім алушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

17.11.2022ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері Астана қаласы колледждерінің студенттік командалары арасында ұйымдастырылған «Не? Қайда? Қашан?» интеллектульді ойынына қатысты.
14.11.2022ж. Жоғары медициналық колледж білім алушылары кәмелеттік жасқа толмағандар арасында Астана қаласы «Алматы» ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны А.Н.Шаримбекова, полиция лейтенанты А.Б.Едембаева жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы заңға қайшы іс-әрекеттердің жолын кесу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қылмыстық қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу, заңнамада көзделген жауапкершілік туралы ата-аналардың назарына жеткізу мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізіп, дәріс оқыды.
Астана қаласының жоғары медициналық колледждің қабырғасында «Бір колледж - бір кітап» акциясы бойынша Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арнап 2022 жылғы қараша айының 14-ші жұлдызында өткізілген «Ұлт ұстазы» атты әдеби шығармашылық іс-шараның есебі.
