Алғыс айту күні
- Қаралды: 1261
Нұр-Сұлтан қаласындағы Жоғары медициналық колледждің Студенттік Парлмантінің өкілдері 1 наурыз - алғыс айту күнімен құттықтайды.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.


17 ақпанда Жоғары медициналық колледжде 2022 жылғы қолданбалы бакалавриат бағдарламасының түлектерінің болашақ жұмыс берушілермен - №10 қалалық емхананың директоры – Қасымова Айгүл Құбашқызымен және 5 қалалық емхананың бас медбикесі – Әбенова Күлзи Танашевнамен кездесуі өтті.
17.02.2022ж. 11 «Мейіргер ісі» оқу тобының ұйымдастыруымен «Мұқағали Мақатаев – рух және сезім» тақырыбында ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтің туған күніне арналған апталықтың қорытынды кеші өтті. Кеште апталық барысында ұйымдастырылған ақын өлеңдерінен өткен челлендж байқауының марапаттау рәсімі болды.
2022 жылдың 15 ақпанында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжімен бірлесіп «Мен донормын» акциясын өткізді. Қан тапсыру акциясы көп жылдар бойы Жоғары медициналық колледж қызметкерлері мен студенттері үшін жыл сайынғы шара болып келеді.
15 ақпанда әлемнің көптеген елінде Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні атап өтіледі. Ол науқас балалардың ата-аналары ұйымдарының халықаралық конфедерациясы бастамасы бойынша өткізіледі.