+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

«Халықаралық қосымша білім беру Орталығының» ұйымдастыруымен оқушылар мен студенттерге арналған қазақ және орыс тілдерінде қашықтық түрде ІІ Халықаралық пәндік Олимпиадасы өтті.⠀

Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» студенттері де қатысып, жүлделі орындарға ие болды.⠀

Ағылшын тілі пәні бойынша Давлатова Жамиля Елтаевна және Жакупбеков Айдар Жанайдарұлы қатысып, екеуі де І дәрежелі дипломмен марапатталып, сертификат табысталды. Жетекшісі Артышева Рыскуль Каиржановна.

Қазақ тілі пәні бойынша Қайратқызы Аягөз ІІ дәрежелі, Қанатқызы Гауһар І дәрежелі және Онгонусова Мариям Кайратовна ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Кулмуханова Сауя Кокашевна.⠀

Ағылшын тілі пәні бойынша Болатхан Меруерт, Дәулетбек Шұғыла, Кулибаева Аида Бесланқызы, Махан Гулнур, Минайдарова Айдана Жеткербайқызы қатысып ІІ –ІІІ дәрежелі дипломмен және сертификатпен марапатталды. Жетекшісі Туканаева Сауле Сатыбалдиновна.⠀

2020 жылдың 1-16 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» студенттері «Гиппократ» республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, әртүрлі жүлделі орындарға ие болды. ⠀

Олимпиадаға жалпы кәсіптік және арнайы пәндер оқытушылары Сүлейменова Б.А., Жумагулова Б.Т., Рахманбердыева З.Х. және Балтабекова С.А. жетекшілігімен жалпы саны 32 студент қатысты.⠀

І дәрежелі дипломмен – 6 студент⠀

ІІ дәрежелі дипломмен– 11 студент⠀

ІІІ дәрежелі дипломмен - 4 студент⠀

Мақтау қағазымен – 11 студент марапатталып, барлық қатысқан студенттерге сертификат табысталды. Жетекшілер алғыс хатпен марапатталды.⠀

12.11.2020 ж. Жас оқытушылар мектебінің отырысы өтті (онлайн түрде). Білікті, тәжірибелі оқытушы Жаупанова Зубайда Жумабековнаның «Баланың физикалық дамуының мониторингы» тақырыбы бойынша шеберлік-сынып өтізді.

Тәлімгерлер жас мамандармен жасап жатқан жұмыстары туралы айта келіп, сонымен қатар құжаттарды рәсімдеуде, сынақтар мен емтихан сұрақтарын дайындауда қолдау көрсететінін мәлімдеді.Ахметова Г.Б. жас маман Битенова Т.Ә. тәлімгері болып табылады. Гулдана Барысбековна оқу үрдісі, сабақ беру, құжаттармен жұмыс жасауды жас оқытушыға жан-жақты түсіндіргенін, кез-келген уақытта қандай сұрақпен хабарласса да үнемі жауап беріп, қолдау көрсететінін мәлімдеді. Тоғжан Әбдімәлікқызының өз ісіне тиянақты, алғыр маман екендігі туралы айтылды. Манаргул Бейсембаевана оқу-орнын биыл бітіріп келген жас маман Охасова Гүлназ Кенжетайқызына тәлімгерлік етеді. Жұмыс бағдарламасы, силлабус жасауда бағыт-бағдар бергенін, оқу-әдістемелік нұсқаулық жасауда көмектесіп, немен толықтыру керек, сабаққа қандай материалдар қолдану керектігі айтылғандығын мәлімдеді. Жас маман клиникада жұмыс жасағандықтан тәжірибе алмасу да орын алып, өзіне қажетті қазіргі кезде қолданылатын хаттамалар мен бұйрықтарды алғанын айтты. Емтихан онлайн жағдайында болатындықтан тест, емтихан материалдарын құрастыру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізгендігін атап көрсетті.

2020 жылдың 10 қарашасында «Жоғарғы медициналық колледж» студенттерінің жазушы Жан Акжанов Мұхарабұлымен оnline кездесуі өтті.⠀ Рухани жаңғыру аясында өткен осы кездесуде жазушы студенттерге өзінің «Медбике» кітабының презентациясын жасады және студенттер өздерін қызықтыратын сауалдарға жауап алды. Кездесу өте тартымды өтті.

2020 жылдың 3 қараша күні «Жоғары медициналық колледжінің» оnline Mc.Teams платформасында 1-курс студенттерін «студенттік қатарға қабылдау» салтанатты рәсімі өтті.

Шара салтанатты түрде  Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен ашылды.

Колледжіміздің директоры Саржанова  Ақбала  Нұрсейітқызы өз құттықтау сөзінде  студенттерімізді мерейлі мерекелерімен құттықтап, жүректен шыққан ақ тілегін арнады.

29 қазан 2020 жылы Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МҚК on-line түрінде әдістемелік кеңес отырысы өтті. Колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызы Саржанова педагогикалық ұжымға күн тәртібін таныстыра отырып, отырысты ашты.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс