8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

121 е/i Акушер тобының өз кураторларымен онлайн-кураторлық сағат барысында “Тәуелсіздіктің жеті қыры” аясында “Парасатты шешім” деректі фильмін талқылауы.

Фильм Елбасының КСРО-ның ядролық қаруына 2/3 сынақ жүргізілген әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарту және Семей полигонын жабу туралы шешімін баяндайды. Сондай-ақ, фильмде Арал теңізін жаңғырту жұмыстары туралы айтылады.⠀

ADEBI.KZ электронды ақпарат, білім сайты А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған «Абай-дана, Абай-дара қазақта!» атты республикалық байқауда «Жоғарғы медициналық колледж» студенті Бекет Аймөлдір «Абайдың қара сөздері» номинациясында үздік деп танылып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, жетекшісі Кожахметова Айгерім Нурланқызы шәкірт дайындағаны үшін алғыс хатпен мараппатталды. Құттықтаймыз!⠀

06.11-30.12.2020 жж аралығында «Халықаралық қосымша кәсіби білім беру орталығының» ұйымдастыруымен оқушылар мен студенттерге арналған қазақ және орыс тілдерінде өткізіліп жатқан ІІ Халықаралық пәндік Олимпиадасына  (қашықтық түрде) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінен» ШЖҚ МҚК 1 –курс студенттері биология пәні бойынша қатысып жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі Г.О.Бозбаева грамотамен марапатталды.

“Тәуелсіздіктің жеті қыры” циклінің «Сын сағат» деректі фильмі талқыланды «Жоғары медициналық колледжде» жоспарға сәйкес ҚР Тұңғыш Президентi күніне орай 1-2 курс студенттерімен онлайн кураторлық сағаттар өткізілуi жалғасуда.

Бүгін, 27 қарашада, студенттермен “Тәуелсіздіктің жеті қыры” циклінің «Сын сағат» деректі фильмі талқыланды.

2020 жылдың 27 қараша күні «Жоғары медициналық колледждің» Ms.Teams платформасында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тұңғыш Президент-Елбасының Қазақстанды ядролық қарусыз державаға айналдырудағы рөлі» тақырыбында онлайн – конференция өтті.⠀Конференция Еуразия гуманитарлық институтының «Педагогика» кафедрасының доценті, т.ғ.к. К.Ш. Аубакированың және колледж әкiмшiлiгi мен ұстаздарының қатысуымен өтті және қатысушыларға «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің «Парасатты шешім» деректі фильмі көрсетілді.

Сонымен қатар, 1-2 курс студенттері, атап айтқанда, 111 «емдеу ісі» «фельдшер» тобының студенттері: Қонарбай Мұқағали, Балтабай Құралай, Тұтқабай Сымбат осы аталған тақырыпта өз пікірлерін білдіріп, талқылауға белсене араласса, Теміржанқызы Арухан мен Азат Асем өз авторлық өлеңі мен эссесін оқыды.

2020 жылдың 27 қараша күні «Жоғары медициналық колледждің» Ms.Teams платформасында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тұңғыш Президент-Елбасының Қазақстанды ядролық қарусыз державаға айналдырудағы рөлі» тақырыбында онлайн – конференция өтті.⠀

Конференция Еуразия гуманитарлық институтының «Педагогика» кафедрасының доценті, т.ғ.к. К.Ш. Аубакированың және колледж администрациясы мен ұстаздарының қатысуымен өтті және қатысушыларға «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің «Парасатты шешім» деректі фильмі көрсетілді.

Сонымен қатар, 1-2 курс студенттері, атап айтқанда, 111 «емдеу ісі» «фельдшер» тобының студенттері: Қонарбай Мұқағали, Балтабай Құралай, Тұтқабай Сымбат осы аталған тақырыпта өз пікірлерін білдіріп, талқылауға белсене араласса, Теміржанқызы Арухан мен Азат Асем өз авторлық өлеңі мен эссесін оқыды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс