8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  14.05.2024ж. Астана қаласы әкімдігінің №3 «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің СӨС дәрігері А.Нұрмағамбетов Жоғары медициналық колледждің кәмелетке толмаған студенттері арасында «Алкоголизм мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
  Семинар барысында алкоголь мен психотроптық заттарды теріс пайдаланудан туындаған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері айтылды, сондай-ақ салауатты өмір салты қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы мәселесі көтерілді. Маскүнемдіктің алдын алу мәселелерінде хабардарлықты арттыру бойынша студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  14.05.2024ж. Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенттері арасында Халық Қаhарманы Сағадат Нұрмағанбетов ерлігіне, Рақымжан Қошқарбаевтің 100 жылдығына арналған «NYSANA - 2024» пневматикалық мылтықтан оқ ату жарысы өтті. Білім алушылар арасында ең үздік деп Құлахмет Мансұр және Рымбек Әлібек танылды. Отанды қорғау – ел тыныштығын қорғау.

  13.05.2024ж. Білім алушылардың тұрақты спортпен шұғылдануын ынталандыру, салауатты өмір салтын ұстану, олимпиадалық қозғалыс идеясын насихаттау мақсатында Жоғары медициналық колледжде «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясын іске асыру аясында «Париж 2024 жылғы Олимпиаданы қарсы алады!» атты апталық басталды.
Студенттерді ақпараттандыруға бағытталған апталықтың бірінші күні өтті. Барлық білім алушыларды апталыққа белсене ат салысуға шақырамыз!

#ОЛИМПИАДАОЙЫНДАРЫНАДЕЙІН100КҮН-ВМК#

  11.05.2024ж. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері сенбілікке шықты. Олар колледж маңы мен колледж жатақханасы ауласын тазалады.
Оқытушылар мен кіші қамту қызметкерлері колледж қоршауын сырлап, талдарды әктеді, студенттер сыпырды, қалдықтарды қаптарға салып шығарды. Таза аула – жанға дауа.
#GreenCity
#AstanaGreen
#Tazameken
#КөркемAstana
#ТазаАстана

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс