8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  06.05.2024ж. Жоғары медициналық колледжде 07 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Менің Бақытым – менің Қазақстаным!» атты мерекелік шара өтті. Шараға 11 м\і тобы жауапты болды. Мерекелік шарада отставкадағы полковник Дүйсен Оразгалиевич Отан қорғау жолында әрбір ер азамат өз елін сүйетін патриот болу керектігін айтып, студенттер мен оқытушыларды мерекемен құттықтады. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб студенттері «Сарбаздарым!» әнін орындап, биледі. Шара соңында колледж директоры атынан оқытушылар мен қызметкерлерге «Алғыс хаттар» тапсырылды.
  09 мамыр мерекесі қарсаңында колледж студенттері арасында ұйымдастырылған «Жеңіс жалауы» атты сурет байқауының қорытындысы шығарылып, І, ІІ, ІІІ орын алған білім алушылар марапатталды.

  06.05.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде «МӨЛДІР БҰЛАҚ» бағыты бойынша «ECO SU», «ECO energia» эко челленджі ұйымдастырылды.
Шара аясында студенттер судың, жарық энергиясының маңыздылығын көрсетіп, оны үнемдеуге насихаттады.
#ECO SU
#ECO energia

Құрметті біздің акушерлер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.Сіздердің мамандықтарыңыз,ең асыл мамандықтарының бірі.Күн сайын сіздер болашақ профессорлар,әскери қызметкерлер,дәрігерлер және керемет адамдарды дүниеге келуге көмектесесіздер.Сіздердің шебер және мейірімді қолдарыңыздың арқасында әйелдер ана болып,ең қымбат бақыт алады.
Сіздер көмектесіп жатқан бақыт жүз есе оралып,күн сайын сіздермен бірге жүрсін!

  04.05.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған «Менің атам ардагер» челленджін жалғастыруда. 12 «Стоматология» тобының студенті Добровольская Анеглина атасы соғыс ардагері Кабак Петр Ивановичтің майдандағы ерлігін, алған марапаттарын мақтанышпен айтады. Атасы Қазақстанда тұрып, еңбек жолын жалғастырғандығын естелікпен еске сала отырып, Ұлы Отан соғысы ардагерінің немересі екендігін мақтан тұтады.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс