+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

 ҚР "Азаматтық қорғау туралы" 11.04.2014 жылғы №188-5 Заңына және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2022 жылға, сондай-ақ өрт кезінде Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК (бұдан әрі-колледж) оқу корпусынан персоналды құлақтандыру және шұғыл эвакуациялау кезінде қызметкерлер мен студенттердің іс-қимыл дағдыларын жетілдіру мақсатында 30.05.2023 жылы "Эвакуация жүргізу кезіндегі жеке құрамның іс-қимылдары" тақырыбында объектілік өрт шыққан кезде жаттығу өткізілді.

 Жаттығудың мақсаты:

 1.Автоматты күзет-дабыл  жүйесінің жұмысқа дайындығын және колледж студенттері мен қызметкерлерін қауіпсіз жерде хабарлау және жинау тәртібін тексеру;

 2.Қызметкерлерді қауіп деңгейін бағалауға үйрету. Қауіпті жағдайда әрекет ету алгоритмінің дағдыларын игеру.


 3.Оқу корпусында өрт туындаған кезде қызметкерлер мен студенттерді эвакуациялауға байланысты практикалық іс-шараларды пысықтау.

 Жаттығу өтетін орны: колледждің негізгі корпусы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 16.

 Жаттығу жетекшілері: жоғары медициналық колледж директорының м. а. - АҚ колледж штабының бастығы И. В. Кадышева, АҚ және ТЖ жөніндегі маман Д. У. Ногуманов

 

 Астана қаласы әкімдігінің "Техникалық колледж" МКҚК базасында 30 мамыр күні жаратылыстану- математикалық пәндер бағыты бойынша Астана қаласының ТжКББ ұйымдарындағы студенттер арасында қалалық олимпиада өтті. Колледж атынан қатысқан студенттер:

 Муса Ерсултан 12 мі,
Талғат Асем 11 еі,
 Ахмадишина Жанель 12 стом,
 Бухарбаева Жазира 12 мі,
 Сәлімжан Ақжол 12 еі,
 Жолдасқызы Әмина 11 мі.
 Олимпиада нәтижесінде 2 дәрежелі Диплом жүлдегерлері:
 Ахмадишина Жанель 12 стом,
 Бухарбаева Жазира 12 мі,
 Талғат Асем 11 еі.
 Жетекшілері: Боккарина К.Б., Акпаева Ж.С., Көпбаева Е.Н.
 Жүлделі орын алмаған студенттер Сертификатпен марапатталды.
Құттықтаймыз!!!

 

 26.05.2023ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылары арасында Астана қаласы Алматы ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны А.С.Алькеева «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәріс алдында білім алушыларға құқық бұзушылық жайлы видео-ролик көрсетілді. А.С.Алькеева студенттерге құқық бұзушылық жасаудың зияны, ата-аналардың жауапкершілігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Білім алушылар тарапынан болған сұрақтарға жауап берді.

 

25.05.2023ж. «Салауатты ұлт» 2021-2025 жылдарға арналған «Әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру шеңбері аясында Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері ПБЗ-дың (темекі, насыбай, есірткі, вейп, электронды темекі) денсаулыққа зиянды әсері туралы хабардарлығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына азаматтық жауапкершілікпен қарау мақсатында Жоғары медициналық колледж студенттерімен «Темекі және денсаулық», «Насыбай және кальян» тақырыбында видео-роликтер көрсете отырып, семинар өткізді. Семинар-тренингте Асия Амангельдиевна студенттерге ақпараттық материалдар таратты. 

 

 2023 жылдың 26 мамырда Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК аясында "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында "Оқу зиянды емес,оқымау зиянды" атты флешмоб ұйымдастырылды. Бұл шараны қазақ тілі оқытушысы Р.Разакованың ұйымдастыруымен, 12 "Меріргер ісі" тобының қатысуымен флешмоб көрсетілді.Бұл шараны көрсету мақсатымыз әрбір студентке кітапты сүйіп оқуға үйретіп, кітапты оқудың маңыздылығын насихаттау.

 

 25.05.2023ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары «Экстремизм, терроризмнің алдын алу шаралары» атты тақырып аясында Астана қаласы ПД ЭҚІҚБ жедел уәкілі полиция капитаны Тлеуғабыл Нұржан Тимурұлымен кездесті. Кездесу барысында оқытушылар алдымен қоғамда орын алып отырған экстремизм мен терроризмге байланысты видео-ролик көрді. 

 Нұржан Тимурұлы оқытушыларға экстремистік-террорлық іс-әрекеттердің алдын алу шаралары жайлы түсініктеме бере отырып, сауалдарға жауап берді. 

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс