+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

25.05.2023ж. «Салауатты ұлт» 2021-2025 жылдарға арналған «Әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру шеңбері аясында Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері ПБЗ-дың (темекі, насыбай, есірткі, вейп, электронды темекі) денсаулыққа зиянды әсері туралы хабардарлығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына азаматтық жауапкершілікпен қарау мақсатында Жоғары медициналық колледж студенттерімен «Темекі және денсаулық», «Насыбай және кальян» тақырыбында видео-роликтер көрсете отырып, семинар өткізді. Семинар-тренингте Асия Амангельдиевна студенттерге ақпараттық материалдар таратты. 

 

 2023 жылдың 26 мамырда Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК аясында "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында "Оқу зиянды емес,оқымау зиянды" атты флешмоб ұйымдастырылды. Бұл шараны қазақ тілі оқытушысы Р.Разакованың ұйымдастыруымен, 12 "Меріргер ісі" тобының қатысуымен флешмоб көрсетілді.Бұл шараны көрсету мақсатымыз әрбір студентке кітапты сүйіп оқуға үйретіп, кітапты оқудың маңыздылығын насихаттау.

 

 25.05.2023ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары «Экстремизм, терроризмнің алдын алу шаралары» атты тақырып аясында Астана қаласы ПД ЭҚІҚБ жедел уәкілі полиция капитаны Тлеуғабыл Нұржан Тимурұлымен кездесті. Кездесу барысында оқытушылар алдымен қоғамда орын алып отырған экстремизм мен терроризмге байланысты видео-ролик көрді. 

 Нұржан Тимурұлы оқытушыларға экстремистік-террорлық іс-әрекеттердің алдын алу шаралары жайлы түсініктеме бере отырып, сауалдарға жауап берді. 

 23.05.2023ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылары арасында Астана қаласы әкімдігінің №3 қалалық емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің психологі Айымгүл Рахимжанова «Топты ұжымдастыру. Ойын терапия» семинар-тренингін өткізді. Тренинг барысында ұйымдастырылған ойындар мен тренингтер білім алушылардың көңіл-күйлерін көтерді.Шара өте қызықты өтті.

 

 23.05.2023 ж. Астана қ.әкімдігі "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК кітапханасында " Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында тарих пәні оқытушысы Сулейменова Сара Нурсейтовна 113 мі тобы студенттерімен жарна өткізді. Мақсаты студент жастар арасында кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.

 

 

 22.05.2023ж. «Салауатты ұлт» 2021-2025 жылдарға арналған «Әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру шеңбері аясында Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Жоғары медициналық колледж студенттерімен дене шынықтыру, салауатты және дұрыс тамақтану қажеттілігі, салауатты өмір салтына баулу, өз денсаулығына азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында семинар тренингін өткізді.  

 Семинар-тренингте Асия Амангельдиевна студенттерге ақпараттық материалдар таратып, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттады.

 

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс