Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МКК 2023 жылғы 16 Наурызда «ОҚУҒА ҚҰШТАР КОЛЛЕДЖ» жобасының тұжырымдамасы шеңберінде арнайы пәндер оқытушысы Майжанова Галия Токтаровна кураторлық 11 е/і тобының білім алушыларымен «ЗЕЙІНДІЛЕР» ЖӘНЕ «ЗЕРЕКТІЛЕР» әдеби ойынын өткізді. Іс-шараның мақсаты: Абай Құнанбаевтың, Мағжан Жұмабаевтың әдеби мұрасы мен шығармашылығы туралы білім алушылардың түсініктерін кеңейту, білімдерін қызықты түрде тексеру. Бұл іс-шара қазақ халқының данышпандарының ұлылығынан хабардар болуға, түсінуге және шығармашылықты олардың ішкі әлемі арқылы өткізуге ықпал етті.



10.03.2023ж. Жоғары медициналық колледж Студенттік Парламентінің жаңа мүшелері колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызымен кездесті. 8 фракцияның көшбасшылары ойларын ортаға салып, өз жоспарларымен бөлісті. Ақбала Нұрсейітқызы «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелерінің жұмысына сәттілік тіледі.
09.03.2023ж. Жоғары медициналық колледж базасында оқытушылар мен студенттер №3 сайлау округі бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттығына үміткер, «Жас-ай» халықаралық клиникасының бас директоры, м.ғ.д., профессор, академик Жасан Зекейұлымен кездесті. Кездесу барысында көпшілікке Жасан Зекейұлының еңбек жолы, медицина саласында атқарған еңбектері, тұғырнамасы таныстырылды. Үміткер студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Сіздерді 8 наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.