+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Семестр басталды! Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК қаңтар айында ұйымдастырылған «Таза сессия» жарнасының қорытындысын шығарды. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Біз таза сессия үшін!» бейнеролик байқауының жеңімпаздары:

14.02.2023 ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылары Астана қаласы «Алматы» ауданы ААПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы Д.Шайпин, полиция сержанты А.Акимжановпен кездесті. «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қол сұғылмаушылықтың алдын алу» тақырыбында өткен шарада  құқық қорғау өкілдері ата-аналардың құқықтары мен қойылатын талаптар жайлы, Қазақстан Республикасының Заңнамалары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жасөспірімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

09.02.2023ж. Жоғары медициналық колледжде 09 ақпан – Мұқағали Мақатаевтің туылған күніне орай туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін ояту, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Шара барысында ақын өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Білім алушылар ақынның «Менің анкетам» өлеңі бойынша көрініс қойды. Колледж оқытушысы Айсауле Бекболқызы студенттерге «Ана сен бақыттысың» өлеңін оқып берді.

08.02.2023ж. Колледждің 1 курс студенті Жанай Ақниет Мұхтарқызы табыстың 7 бағыты бойынша «Елбасы Медалі» жобасының күміс медаль иегері атанды. Ақниетке алар биіктерің алда деген ниетпен жеңісің құтты болсын дейміз!

08.02.2023 ж. Жоғары медициналық колледжде Астана қаласы мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатында «Ашық есік» күні өтті. Шара барысында мектеп оқушыларын қарсы алу, колледж дайындайтын мамандықтар бойынша презентация көрсетіліп, кабинеттер бойынша экскурсия жасалды. Сонымен қатар оқытушылар тарапынан «Алғашқы медициналық көмек» шеберлік класы ұйымдастырылды.

Қоғамда ең маңызды беделге ие медицина мамандығының жетістіктері түсіндірілді. Мектеп оқушыларының бұл мамандыққа деген қызығушылығы артты.

07.02.2023 ж. Жоғары медициналық колледждің студент ұлдары арасында «ЖЖБИ-дің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-нің «Жас Толқын» ЖДО, алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек беру бөлімінің уролог дәрігері С.Мақсымұлы білім алушыларға «ЖИТС және АҚТҚ дегеніміз не?», «Салауатты өмір салтына «Ия» деп айт», «Дұрыс таңдау жаса» ақпараттық-танымдық материалдарын таратты. Денсаулықтың ЖЖБИ алдын алу біліміне тәуелді екенін, зиянды әдеттерден бас тарту және жақсы әдеттерді қалыптастыру қажеттігін түсіндірді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс