+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні «WorldSkillsNur-Sultan – 2022» ҮІІ-қалалық кәсіптік шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті.

45 құзіреттілік бойынша «Медициналық және әлеуметтік күтім» WorldSkillsNur-Sultan аймақтық чемпионатына қатысқан колледждің 2 курс студенттері Кайрулла Алина І орын, Байтурсунова Тахмина ІІ орынды иеленді. Студенттерімізді мақтан тұтамыз, жеңістерімен құттықтаймыз! Жарайсыңдар!

Ағымдағы жылдың 27 мамыр мен 02 маусым аралығында колледж студенттері арасында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне орай «Мен Қазақстанның патриотымын» атты челлендж жарияланды. Челлендж аясында 12 м/і және 11 м/і тобы студенттері өз құттықтауларын жолдады.

"Көмектес" акциясы аясында колледждің волонтер студенттері Нұр-Сұлтан қаласы Мамандандырылған балалар үйіне барып, балаларды серуендетті.

Нұр-Сұлтан қаласы Жоғары медициналық колледжінде кітапханашылар 31 мамыр - Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Жалындап өшкен ғұмырлар" атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Студенттік арбат» Нұр-Сұлтан қаласы мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру бағытында ауқымды шара өтті. Іс-шараға колледждің оқытушылары мен студенттері қатысып, мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Студенттер өз мамандығының маңызды да, күрделі қыр-сырымен бөлісті.Түлектерге ақ жол тілеп, медицина мамандығын таңдауға шақырды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс