+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 09 қыркүйек күні 11 «Емдеу ісі» фельдшер тобы білім алушыларымен Тілдер мерекесі апталығы аясында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт мәдениетінің бәйтерегі» атты зияткерлік ойын өткізілді.

Студенттер «Алаш», «Тәуелсіздік», «Бәйтерек», «Өнер, білім бар жұрттар»  болып топтарға бөлініп, бақ сынасты. Ойын кезінде білім алушылар сөз жұмбақтар шешіп, кластер құрастырды. Нәтижесінде «Алаш» тобы жеңіске жетті. Білімдерің шыңдала берсін дейміз.

Ағымдағы жылдың 09 қыркүйек күні Жоғары медициналық колледж студенттері арасында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Мұхтар мұрасы – парасаттылық бастауы» атты жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» аясында өнегелі сабақтар ұйымдастырылды.

11 е/і фельдшер тобы топ жетекшісі Майжанова Ғ.Т., 112 м/і топ жетекшісі Кошаева П.К., 139 м/і топ жетекшісі Алтынбеков М.Б., 21 м/і топ жетешісі Құлахметова Р.М., 114 м/і топ жетешісі Казелова А.Ю., 116 м/і топ жетешісі Досжанова Ж.Е. студенттерге адалдық пен шыншылдықтың  ақ жолы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылдың 08 қыркүйек күні колледждің 2, 3 курс студенттері мен оқытушылары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық №3 емханасы» өкілдерінің ұйымдастыруымен Қазақстандық Швейцария-Американдық колледжінде өткен жол-көлік оқиғасының алдын алу, студенттер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша ақпараттандыруды арттыруға бағытталған «Жол-көлік оқиғасының алдын алу» атты акциясына қатынасты. Колледж студенттері жол-көлік оқиғасына байланысты жарақаттану кезеңінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек бойынша шеберлік класын көрсетті.

Ағымдағы жылдың 08 қыркүйек күні колледж студенттерімен Тілдер апталығы аясында Қазақстанда тұратын ұлттардың тілдері, салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, көп ұлтты халықтардың мәдени мұрасын оқып-үйрену арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, ана тіліне, еліне  құрметпен қарау мақсатында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тілдер патшалығы» атты музыкалық композиция ұйымдастырылды.

2022 жыл 07 қыркүйек күні Жоғары медициналық колледж ұжымы Қостанайлық бауырларға азық-түлікпен көмек қолын созды.

Қиын сәтте көмек беруді азаматтық борышымыз деп санайтын колледж оқытушылары барша қазақстандықтарға саулық тілейді!

5 қыркүйек – Тілдер мерекесі және Ахмет Байтұрсынұлының туылған күніне орай Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт мәдениетінің бәйтерегі» атты оқырмандар конференциясы өтті. Оқу залында ақынға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Студенттер Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы, білімі, еңбектері жайлы ой бөлісті. Іс-шараға кітапханашылар мен қазақ тілі пәні оқытушылары жауапты болды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс