
111 "Емдеу ісі" акушер тобының Наурыз мейрамымен құттықтауы.

111 "Емдеу ісі" акушер тобының Наурыз мейрамымен құттықтауы.

Колледж кітапханасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған "Ұлыс оң болсын!" атты кітап көрмесі жасалды.

Біздің парақшамыздың жазылушыларын 114 "Мейіргер ісі" тобының оқушылары ізгі тілектерімен құттықтайды.

17.03.2021 ж. жас оқытушыларға арналған педагог-психолог Р.М.Құлахметованың «Оқытушы-студент қарым-қатынасындағы адами мәдениеттілік» атты тренинг-кеңесі өтті.
Іс-шарада көптеген құнды мәліметтер айтылып, сұрақтар мен пікірлер талқыланды.
Оқытушылар студенттердің әдемі жастық кезеңдерінде уақытын жақсы істерге арнап, мағыналы өмір сүруге бейімдеуде ерінбей, бойларына жақсы дағды жинақтауға қолдау жасап, бағыт-бағдар беруі қажет екендігі айтылды.

2021 жылдың ақпан айында оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен, тәжірибелі оқытушы, педагог-шебер Б.Ш.Каримбаева жас оқытушыларға арналған «Сыни ойлау технологиясын дамыту» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.
Аталған сабақ жаңадан келген оқытушылардың өз сабақтарын одан әрі әсерлі өткізуіне үлес қосады. Сабақта түрлі топтық ойындар ұйымдастырылып, жазбаша тапсырмалар орындалды және тақырып туралы жан-жақты мағлұмат алынды. Сабақ өте қызықты, әсерлі өтті. ⠀

Ағымдағы жылдың 26 ақпаны күні zoom платформасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл-жыр алыбы» атты қалалық онлайн байқаудың марапаттау рәсімі өтті.
Аталған байқаудың әділ-қазылар алқасы құрамында: ақын, аудармашы, журналист.
«Еуразия+ОРТ» телеарнасының және «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі Алпамыс Файзолла, «Руханият» КММ бөлім басшысы, филолог Еркебұлан Ерболат, ақын, филолог Мұқият Қойшыбайұлы, айтыскер ақын, Республикалық айтыстардың жеңімпазы.
Тоба Өтепбайұлы, ақын, Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Біржан Ахмер және журналист, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ҚР Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасының жастар шығармашылығы жөніндегі орынбасары Олжас Қасым болды.
Қазылардың әділ шешімі арқасында байқау шынайы, әділетті түрде өтті.