Онлайн ата-аналар жиналысы
- Қаралды: 1383
Ағымдағы жылдың 25 қаңтары күні “Жоғары медициналық колледж” базасында білім алушылардың ІІ – семестрін офлайн ұйымдастырудың алғашқы шарттарын түсіндіру мақсатында 1 курс орыс тобы студенттерінің ата-аналарымен “Аралас оқыту тәртібі – ата-аналар көзқарасында” атты онлайн жиналыс өтті.
Жиналыста колледж директоры Саржанова Акбала Нұрсейітқызы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 25 желтоқсандағы №68 «Шектеу карантиндік шаралар және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ата-аналар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.


18-22 қаңтар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы ұйымдастырған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы ТжКБ жүйесіндегі педагогтың кәсіби дамуы» атты 40 сағат көлеміндегі курстан 15 оқытушы өтіп, сертификатпен марапатталды.
