8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

05.05.2023ж. Жоғары медициналық колледжде 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында «Батырлар ел жүрегінде» атты мерекелік іс-шара өтті.

Шара Ұлы Отан соғысында Отан үшін жан қиып, құрбан болған бабаларымызды еске түсіруге арналған бір минуттық үнсіздіктен басталды.

 Мерекелік шарада колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызы құттықтау сөз айтты. Сонымен қатар Цикл төрайымдары өз әріптестерін құттықтады, колледждің кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Артышева ер азаматтарға кәсіподақ атынан сыйлықтар табыстады.

 Студенттер концерттік бағдарлама аясында би биледі, ұлы Жеңіс күніне арналған әндерді орындады. 

 Батыр ұл есімдері ақталады

 Жыр болып жүректерде сақталады.

 Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

 Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

 

 #9МАМЫРҰЛЫЖЕҢІСКҮНІ

03.05.2023ж. Жоғары медициналық колледж 12 «Мейіргерлік іс» тобы студенттері 07 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Право» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Астана қаласы колледж студенттері арасында өткізілген қалалық «Ерлік мәңгі есімде» әскери патриоттық әндер байқауына қатынасып, І - орын Мадақтамасымен марапатталды. 

Жарайсыңдар!

28.04.2023ж. Жоғары медициналық колледжде 1 мамыр - Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігі күніне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға жауапты 111 м\і қ. бакалавр топ студенттері болды. Шарада колледж студенттері әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері, ұлттық киімі мен тілін дәріптеді, әнін айтты, биін биледі. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстанның ұлттар достығын насихаттады.

Шара соңында әр топқа әкімшілік атынан «Мақтау қағаздары» тапсырылды.

«Қоғам және денсаулық» атты 10 күндік марафон аясында 28 сәуір күні тарих пәні оқытушысы Сулейменова Сара Нурсейтовнаның ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Ежелгі әлемдік медицина» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді. Студенттер әр елдің медицинасы туралы құнды ақпараттармен бөлісіп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы талқылап, ой бөлісті. Оқытушылар да өз пікірлерін ортаға салды.

«Қоғам және денсаулық» атты 10 күндік марафон аясында 26 сәуір күні денешынықтыру пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен 123 еі тобы студенттері арасында «Үстел теннисі» бойынша ойын өткізді. Студенттер өте белсенділікпен қатысты. Сабақ өте жақсы өтті. Спортық ойындардың барлығы да қызықты әрі денсаулыққа пайдалы.

«Қоғам және денсаулық» атты 10 күндік марафон аясында 26 сәуір күні химия пәні оқытушысы Бозбаева Гулимжан Онаевнаның ұйымдастыруымен 11 еі тобында «Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомалық аурулары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Студенттер хромосомалық ауралар тарихын, себептері мен көріністері туралы жан-жақты мәліметтер берді. Оқытушының тапсырмаларын белсене орындап, пәнге деген қызығушылықтарын көрсетті. Сабақ өте жақсы өтті.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс