«Қоғам және денсаулық» атты онкүндік марафон аясында
- Қаралды: 808
Жоғары медициналық колледжде жаратылыстану – ғылыми, әлеуметтік – экономикалық және жалпы гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының 2022-2023 оқу жылының 18-28 сәуір аралығында өткізілетін «Қоғам және денсаулық» атты онкүндік марафон аясында 19 сәуір күні оқытушы Акпаева Жанат Сакеновна 12 «Мейіргер ісі» тобында биология пәні бойынша «Цитологические основы наследования признаков. Решение задач» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Оқыту әдістері мен тәсілдерінің педагогикалық технологиялары (ынтымақтастық технологиясы, дамыта оқыту технологиясы) қолданылды. Сабақ қызықты да, әсерлі өтті. Студенттер белсене қатысып, биология пәніне деген қызығушылықтарын көрсетті.

Жалпыкәсіптік пәндер әдістемелік циклі әзірлеген «Өз мамандығым мақтанышым» атты апталығы аясында арнаулы піндер оқытушылары Аренова М.Б., Итигулова А.Б., Несипбаева З.Ж., Лаубаева А.Б. 3- курс аралығында өткізген викторина ойыны өте жоғарғы деңгейде өтті. Студенттердің белсенділігі жоғары болды. 15.04.2023 күні фармакология пәні оқытушысы Манатова К.К. 122 қ.б. студенттерінің қатысуымен «Актуальные вопросы современной фармакодинамики» атты ғылыми дөңгелек стол өткізді. Студенттер ғылыми дәлелдерді келтіре отырып, қызықты мағұлматтарды жеткізді.
"Жоғары медициналық колледж" кітапханасында 2023жылдың 19 сәуірде кітапханашы Омарова.А.Т ұйымдастыруымен "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында 1 курс студенттерімен "Ақындар жырлаған туған өлке" атты әдеби қонақ үй өткізілді. Іс-шараның мақсаты: ақын-жазушылардың туған жерге, табиғатқа аса ықыласпен жазылған туындыларымен таныстыру. Әрбір адам өзі туып өскен жерін, табиғатын құрметтеп ерекше қастерлеу керек. Топ студенттері ақындардың туған жер туралы жырларын мәнеріне келтіріп,аса ықыласпен оқыды. Студенттердің белсенділігімен іс-шара өте тартымды өтті.Іс-шара соңында кітап көрмесімен таныстырылды.
18.04.2023 ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған студенттері Астана қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Әлия Қибатқызымен кездесті.
18.04.2023 ж.Жоғары медициналық колледж студент-волонтерлары Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен қар тазалау сенбілігіне қатысты. Астана қаласы Юрий Малахов көшесі бойында жеке секторларда, көше бойын, қарт кісілердің жүретін жол жиегін қардан тазалады, қарттар дән ризашылығын білдірді.
17.04.2023ж. Жоғары медициналық колледжі «Астана» концерт залында өткен Астана қаласы мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру көрмесіне қатысты. Онда колледж дайындайтын мамандықтар бойынша екі тілде брошюралар, баннер, колледж жетістіктері бойынша ақпараттық-материалдар қойылды. Қоғамда зор сұранысқа ие медицина мамандығы жайлы колледж директорының ОТІ жөніндегі орынбасары К.Ахмет сұхбат беріп, мектеп түлектерін колледж табалдырығына шақырды.