«ҒЫЛЫМ. ІЗДЕНІС. ЖАҢАШЫЛ-2023» атты студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
- Қаралды: 822
26.04.2023 ж. күні түрде колледжішілік «ҒЫЛЫМ. ІЗДЕНІС. ЖАҢАШЫЛ-2023» атты студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаттары мен міндеттері:
Білім беру бағдарламалары шеңберінде студенттер мен оқытушылардың интеллектуалды бастамасын дамыту.
Ғылыми ойлау жүйесін дамытудың алғышарттарын, өз қызметіне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.
Болашақ мамандардың жалпы және коммуникативті мәдениет деңгейін көтеру;
Конференция 4 бағыт бойынша жүргізілді.
Ғылым және оның қазіргі қоғамдағы рөлі.

25.04.2023 ж. күні Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК педагог-психолог Р.М.Құлахметова мен психология пәніның оқытушысы Ж.С.Карабаеваның ұйымдастыруымен білімгерлер арасындағы мәдени қарым-қатынастың дәрежесін көтеру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын студенттерге қолдау көрсету, студенттердің сессия алды кезеңінен қиындықсыз өтуіне үлес қосу, жалпы колледждегі психологиялық ақуалдың жайлылығын қамтамассыз ету мақсатын көздеген, кәмелетке толмаған студенттерден құралған 111м\і, 112м\і, 113м\і, 114м\і, 115м\і, 116 м\і, 117 м\і. топтарының арасында «Біз біргеміз!» атты психологиялық сайыс өтті.
2023 жылдың 24сәуірде Астана қаласы "Жоғары медициналық колледж" кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында 1курс студенттерімен "Кітапты бірге оқимыз" атты библио-кросс өткізілді.
21.04.2023ж. Жоғары медициналық колледж ағымдығы жылдың 08.04 - 06.05 аралығында өтіп жатқан «Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында студенттер арасында «Эко-сән – 2023» байқауын өткізді.
20.04.2023ж. Жоғары медициналық колледж Студенттік Парламент Дебат фракциясының студенттері «З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжінің» базасында медициналық колледж студенттері арасында Британ Парламенттік Форматында өткен қалалық «MEDI CUP» турниріне қатысты.
Жаратылыстану – ғылыми, әлеуметтік – экономикалық және жалпы гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының 2022-2023 оқу жылының 18-28 сәуір аралығында өткізілетін «Қоғам және денсаулық» атты онкүндік марафон аясында 20 сәуір күні кәсіби орыс тілі оқытушысы Джолдинова Калия Калыбековна мен кәсіби шет тілі пәні оқытушысы Шмаева Күлайша Калниязовнаның ұйымдастыруымен 11 мі тобында «Үш тіл патшалығы» атты композициялық іс-шара өткізді. Іс-шара тұрғыдан дұрыс құрастырылған, инновациялық технологияның интербелсенді әдістер мен тәсілдері қолданылды. Студенттерге іс-шара өте қызықты, патриоттық сезімге толы болды. Студенттер үш тілде де сөйлеп, мәнерлеп оқып, ән айтты. Осылайша студенттер өздеріне де, өзгелерге де тілге деген құрмет, Отанға деген патриоттық сезімді дәріптей білді.