+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  22.11.2024 ж. Жоғары медициналық колледжде 18.11 – 22.11.2024 ж. аралығында «Жасөспірімдер арасында жаман әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау» атты апталық өз мәресені жетті.
  Астана қаласы «№13 қалалық емхана «Жан-Ұя» жастар денсаулық орталығының гинеколог дәрігері Ескендирова Айгул Касановна студенттерге «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы. Ерте жүктіліктің алдын алу. Жыныстық жолмен берілетін ауру ЖЖБИ. Аурудың асқынуы» тақырыбында дәріс оқыды. Ерте жүктілік пен жыныстық жолымен берілетін аурулардың алдын алуға арналған презентация көрсетті. Білім алушылармен ашық алаң форматында өткізген Айгул Касановна сұрақтарға жауап беріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

  27.11.24 жылы Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің жоспарына сәйкес онлайн отырыс өтті. Іс-шараға республика бойынша 28 жоғары медициналық колледж қатысты. Күн тәртібінде қаралды: 1) Зерттеулер - дәлелді мейірбике ісінің негізі ретінде; 2) “Инсульт кезіндегі медициналық көмек” интеграцияланған симуляциялық сабақ; 3) Болашақ мамандарды даярлаудағы электронды платформалардың рөлі.

  21.11.2024ж. Жоғары медициналық колледжде студенттердің репродуктивті денсаулығын жақсарту, репродуктивті мінез-құлық пен өмір салтын оңтайландыру мақсатында «Astana Clinic» ЖШС-нің гинеколог дәрігер
Ондашева Айдын Мейрамбековна, психологі Макенова Толқын Есімқызы
  «Репродуктивті денсаулық» атты тақырыпта семинар өткізді.
   Семинар барысында білім алушыларға бейне-презенация көрсетіліп, студенттер тарпынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

  20.11.2024ж. Халықаралық темекіні тастау күніне арналған ұлттық бағдарлама аясында Жоғары медициналық колледждің 1, 2 курс студенттерімен №3 емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің СӨС дәрігері «Жасөспірімдер арасында мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу. Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
  Семинар барысында студенттермен мінез-құлық қауіп факторларының денсаулыққа әсеріне қатысты ақпараттық жұмыс жүргізілді. Оларға мерзімінен бұрын ерте жүктілік және жалпы репродуктивті денсаулықтың пайда болуы туралы айтылып, талқыланды.
  Білім алушылармен есірткі, алкоголь және темекі өнімдерін қолданудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  19.11.2024 ж. Жоғары медициналық колледж студенттерімен «Репродуктивті денсаулық» атты тақырыпта «Astana Clinic» ЖШС мекемесінің психологі Искакова Жанар Козгорпешевна, гинеколог дәрігер Окишева Марина Валерьевна, терапевт Алматова Жадра Хаиржановна семинар өткізді.
  Шара барысында білім алушыларға репродуктивті денсаулық жайлы ақпараттар берілді, бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар қыз балалардың жеке бас гигиенасы туралы да түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, білім алушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

  18.11.2024ж. Жоғары медициналық колледжде 18.11. – 22.11. аралығында «Жасөспірімдер арасында жаман әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау» атты апталық басталды.
  Апталықтың алғашқы күні Астана қаласы №13 қалалық емхана «Жан-Ұя» жастар денсаулық орталығының психологі Курмангожина Лязат Кайнуловна, СӨС дәрігері Турсинбаева Малика Нурпеисовна «Жаман әдеттердің жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті және психикалық денсаулығына әсері (темекі шегу, электронды темекі, кальян, вейп, тамақтанудың бұзылуы, Энергетика). Салауатты өмір салтын насихаттау, тәуекелді мінез-құлық нысандары бойынша алдын алу» атты тақырыпта кәмелеттік жасқа толмаған студенттермен семинар өткізді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс