8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК Директор  лауазымына конкурс жариялау

 Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК Бақылау кеңесі (бұдан әрі – Бақылау кеңесі) Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК директор лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурстың өтетін күні мен орны: 2024 жылғы 14 қарашадан бастап 28 қараша аралығында 16:00 сағатына дейін Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын). Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы 16, пошталық мекенжайы: 010000, телефоны: 331567 және Кәсіпорының электрондық поштасы:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

  11.11.2024ж. Жоғары медициналық колледж базасында «Бала қауіпсіздігі – ұлт болашағы» атты тақырыпта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құзырлы орган өкілдерімен кездесу өтті.
  Кездесуге Астана қаласы сотқа дейінгі тергеу мен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау департаментінің прокуроры Ш.М.Нұржанов,
  Астана қаласы «Алматы» ауданы полиция басқармасының бөлім басшысы Жеткербаев Азамат Жеткербайұлы, «Алматы» ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға лейтенанты, учаскелік инспектор Маликова А.Б., «Қалалық цирк» ШЖҚ МКК әртісі, режиссер Бурашев Берик қатысты.
  Олар студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

  01.11.2024ж. Жоғары медициналық колледжде «Алтын күз – 2024» байқауы өтті. Байқауға 15 топ қатысты. Студенттер өзін-өзі таныстыру, өз өнерлерін көрсету, күзгі сән үлгісі бойынша бақ сынасты.
Алтын күздің кереметін көрсеткен білім алушыларға әділқазылар төрешілік етті. Нәтижесінде Бас жүлдеге 111 «Емдеу ісі» фельдшер тобы иеленді.
І-орын – 111 «Акушерлік іс» тобы
ІІ-орын – 14 «Мейіргер ісі» тобы
ІІІ-орын – 15 «Мейіргер ісі» тобы алды. Қалған топтар Номинацияармен марапатталды. 111 м/і қолданбалы бакалавр тобы «Ең әдемі күзгі сән үлгісі» арнай жүлдесінің жеңімпазы атанды.
  Құттықтаймыз!!!

  31.10.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Діндерді зеттеу орталығы» ЖШС өкілдерімен кездесті.
  Кездесуде А.Нұрахметұлы білім алушыларға «Экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

  30.10.2024ж. “Жас педагог” мектебінің алғашқы оқыту семинары өтті. Семинар барысында жас мамандарды “оқу үрдісін сауатты жүргізу ережесімен”, “ білім беру технологияларын қолданудың тиімділігімен” таныстырып, “Уақытымды жақсы істерге арнаймын” атты психологиялық тренингпен аяқтады.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс