+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  12.12.2024ж. Жоғары медициналық колледждің 112 м/і тобы студенттері 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті орталығы мұражайында болды.
  Білім алушыларға Президенттік институттың және мемлекет басшыларының қызметінің маңыздылығы арқылы тәуелсіз Қазақстанның тарихи мұрасын зерделеу және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған экскурсияда Қазақстан президенттігі институтына қатысы бар жәдігерлерді, тарихи-мәдени құндылығы бар Президенттің жеке құжаттары мен керек-жарақтарымен тамашалап танысты.
​  Экскурсия соңында студенттер естелікке суретке түсті.
#Тәуелсіздік
#Біртұтас_тәрбие

БӘРІҢЕ! БӘРІҢЕ! БӘРІНЕ!


  27.12.2024ж. күні оқытушы мен студенттен құралған
өнерлі жұп «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»
ән байқауы өтеді.
  Үміткер жұптар 80-90 жылдардың ретро әндері мен
заманауи жастар әнін (2 ән) орындауы тиіс. Мәлімет алу үшін 221 кабинетке келіңіз!

  Жоғары  медициналық колледждің  оқу залында  «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру мақсатында «Оқы және өзгеге сыйла» атты «Буккроссинг» бұрышы ұйымдастырылды.
  «Буккроссинг» – кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы. Жобаның негізгі идеясы өзара кітаптармен алмасу. Кез келген адам оқыған қызықты кітаптарын «Буккроссинг» сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты оқуға мүмкіндік алады.
  «Буккроссингтің» басты мақсаты оқылған кітаптарға екінші өмір сыйлау, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.
  Үй кітапханалары сүйікті кітаптарға сыймайтын барлық тілек білдірушілерді шақырамыз: "Әкеліңіз, әр кітаптың өз оқырманы бар!»

  09.12.2024 ж. Жоғары медициналық колледжде топ жетекшілер Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай «Адалдық – адамгершілік белгісі» атты бірыңғай тәрбие сағаттарын өткізді.
  ҚР Әнұранымен басталған тәрбие сағатында білім алушыларға «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деп аталатын апта дәйексөзі таныстырылды.
#Біртұтас_тәрбие

  09.12.2024 ж. 09 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Жоғары медициналық колледж базасында іс-шара өтті. Білім алушыларға БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымымен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының мақсаты таныстырылып, сыбайлас жемқорлықты жою – бұл тек қана мемлекеттің мүддесі мен міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті екендігі айтылды.
  Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға колледждің комплаенс-офицері Д.Б.Оразбеков қатысып, білім алушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған құқықтық-нормативтік акттер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
  Студенттермен тренинг өткізіліп, сұрақтарға жауап берілді. Мазмұнды өткен шара білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыруда маңызы зор болды.

  08.12.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өткен «All in SPORT: Сіз жіберіп алмайтын жүгіру!» челленджіне қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шара барысында білім алушылар жеңіл спорт түрлерінен бақ сынасты. Шара соңында медальдармен марапатталды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс