+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

Ағымдағы жылдың 20-22 қазан аралығында 25 қазан – Республика күніне орай Жоғары медициналық колледждің оқу залында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты көрме ұйымдастырылды.

Оқырмандар оқу залынан Қазақстанның көркеюі мен даму жолындағы жеткен жетістіктері туралы мазмұнды ақпараттар алуда.

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні Республика күніне орай Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенттеріне арналған «Студенттікке қабылдау» салтанатты ресми іс-шарасы өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Салтанатты іс-шарада колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызы 1 курс білім алушыларын студенттік өмірдің басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Медицина құдайы Асклепия 1 курс топ басшыларына «Студенттік билет», «Сынақ кітапшасын» тапсырып, мамандық меңгеруде, ақ халатты абзал жанға лайықты болуды тіледі. Білім алушылар Ант қабылдады. Шара барысында студенттер ән салды, флешмоб, вальс биледі, студенттердің көңілінен шығып, естелікке суретке түсті.

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері 25 қазан – Республика күніне орай "Патриотизм дауысы" Мемлекеттік Гимнін жаппай орындау аясында Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.

25 қазан – Республика күні қарсаңында 21 қазан күні «Мейірімділік - М» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткен «Жетімсіз – Қазақстан!» жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған әлеуметтік жобаға Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері қатысып, қаржылай көмек көрсетті.

Ағымдағы жылдың 19 қазан күні Жоғары медициналық колледжде Республика күніне орай «Қазақстан менің туған өлкем» атты тақырып аясында 12 «Емдеу ісі», 11 «Медбикелік іс», 13 «Медбикелік іс», 131 «Акушерлік іс», 11 «Емдеу ісі», 114 «Медбикелік іс» топтары арасында тәрбие сағаттары өткізілді. 

 

25 қазан – Республика күні қарсаңында 19 қазан күні колледждің 1 курс студенттері ҚР Тұңғыш  Президенті Кітапханасының «Назарбаев орталығы» мұражайында болды.

Білім алушылар мұражайдың барлық көрме залдарын аралап, рухани әсер алды. Қазақстанның өркендеуі жайлы бейне ролик көрді. Шара соңында естелікке суретке түсіп, жақсы әсермен қайтты.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс