+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

04 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Біз Қазақстанның патриотымыз!» атты тақырып аясында өнегелі сағаттары ұйымдастырылды.

Мемлекеттік Рәміздерімізді құрметтеу мақсатына бағытталған  сабақтарды 11 м\і тобында «Рәміздерім - мақтанышым» тақырыбында топ жетекшісі Р.Құлахметова, 12 м\і тобында «Рәміздерді мақтан тұту - парызымыз» тақырыбында топ жетекшісі Д.Бимендина, 111 лаб/д тобында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты тақырыпта топ жетекшісі Алиев А.Р. өткізді.

4 маусым - ҚР Мемлекеттік Рәміздері мерекесіне орай Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне деген құрметін білдіру, Рәміздерімізді мақтан тұту мақсатында Ән ұран орындады.

Ағымдағы жылдың 02 маусым күні колледж базасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарастарын қалыптастыру» тақырыбында ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығы, сот сараптамаларының сапасын бақылау бөлімінің басшысы Манап Дархан Тәңірбергенұлымен студенттердің кездесуі өтті.

31 мамыр - «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күніне» орай Жоғары медициналық колледж студенттері 01 маусым күні «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешеніне барды.

Экскурсия барысында студенттер саяси тұтқындардың өмірімен танысты. Дәл осы жерде Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері орналасқан, онда әр жылдары 18 мыңнан астам әйел отырған. Кінәсі тек қамауға алынған, атылған «халық жауларының» әйелдері ғана болды.

Мұражай экспозициясы екі қабатта орналасқан. «Алаш» залында Ресей империясының құрамына кірген сәттен бастап Қазақстан тарихы, сондай-ақ кеңестік кезең ұсынылған.

Құрметті ата-аналар! Ауа райынының жылынуы мен жаздың келуіне байланысты суда шомылу уақыты да басталды. Алайда, суға түскен кезде (ашық су алаңдары, бассейндер, т.б.) кейбір сақтық шараларын сақтау шарт! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс