+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

Төтеннен келетін апат айтып келмейді. Қостанай облысында орман өртіне байланысты жергілікті халық зардап шегіп, төтенше жағдай жарияланды.

Қазақ халқы қашан да жақсылық жасап, қол ұшын беруден жалықпаған. Төтеннен келген апаттан зардап шеккен Қостанай халқына бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бір кісідей көмек беруге әрдайым дайынбыз.

Отандастарымыз бен қандастарымызға сабырлылық пен амандық тілеп, көмек беруді азаматтаық борышымыз деп санайық! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

#КөмекҚостанай

Жоғары медициналық колледж 1 қыркүйек – Білім күні 1 курс студенттерін қабылдады.

Іс-шара ҚР Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Білім алушылар мен ата-аналар, оқытушыларды колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызы жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жиын соңы әр топтарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты кураторлық сағаттармен жалғасын тапты.

Колледжге қош келдіңіздер, құрметті білім алушылар! дейміз.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

2022-2023 оқу жылының 1 курс білім алушылары үшін:

2022 жылғы 1 қыркүйекте 9 сыныптан кейін оқуға түскен білім алушылар үшін сағат 9.00-де Білім күніне арналған жиын өтеді.

11 сыныптан кейін оқуға түскен білім алушылар үшін сағат 08.30-де Білім күніне арналған сынып сағаттары өтеді.

Ескерту: Білім алушылар медициналық ақ халат және классикалық киім кию керек.

Әкімшілік

2022-2023 оқу жылына колледжге қабылданған 1 курс студенттеріне жатақхана беру 27 тамыздан бастап сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін іске асырылады. Жұмыс күндері дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс