1 курс студенттерімен кездесу өтті
- Қаралды: 986
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенттері Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Әлия Кибатқызы, Психотерапия орталығының нарколог дәрігері Т.Қойшыбеков, Діндерді зерттеу орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің менеджер-үйлестірушісі Темірлан Жанатұлы, Нұрмағамбет Жолымбетұлы, Астана Жастары жастар бастамаларын қолдау бөлімінің маманы Амангелді Олжаспен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні колледждің 1 курс студенттері Rixos President Astanaда өткен «International Education Fair 2022» Халықаралық білім беру көрмесіне қатысты.
17 қыркүйек - Халықаралық Тазалық күніне орай колледж ұжымы мен студенттері сенбілікке қатысты.
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде №3 қалалық емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің меңгерушісі Н.Протченко, СӨС дәрігері А. Нұрмағамбетов, психолог Д. Мендина, гинеколог Д. Түсіпбекова, уролог-дәрігер С. Мақсымұлы «Шылым шегудің алдын алу», «Дұрыс тамақтану принциптері», «Жасөспірімдермен дағдарыстық кезеңде жұмыс істеу», «Синтетикалық заттарды қолданудың алдын алу», «Репродуктивті денсаулықты қорғау.Қыздардың жеке гигиенасы», «ЖЖБИ алдын алу» тақырыптарында Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенттері арасында семинар өтті.
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні Жоғары медициналық колледж студенттері Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Е.Д.Утегенов, полиция лейтенанты С.А. Анваровпен кездесу өткізді.