+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

Ағымдағы жылдың 25 қаңтары күні “Жоғары медициналық колледж” базасында білім алушылардың  ІІ – семестрін офлайн ұйымдастырудың алғашқы шарттарын түсіндіру мақсатында 1 курс  орыс тобы студенттерінің ата-аналарымен “Аралас оқыту тәртібі – ата-аналар көзқарасында” атты онлайн жиналыс өтті.

Жиналыста колледж директоры Саржанова Акбала Нұрсейітқызы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 25 желтоқсандағы №68 «Шектеу карантиндік шаралар және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ата-аналар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.

Ағымдағы жылдың 18-22 қаңтары аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы ұйымдастырған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы ТжКБ жүйесіндегі педагогтың кәсіби дамуы» атты 40 сағат көлеміндегі курстан жас оқытушылардың ішінен 3 оқытушы: Битенова Тоқжан Абдімәлікқызы, Тукибаева Мадина Сериковна, Балтабекова Салтанат Аллажаровна өтіп, сертификатпен марапатталды.⠀

 

23 қаңтар күні «БІЛІМ» қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты ұйымдастырған «АКТУАЛЬНЫЕ ПОДХОДЫ К АНАЛИЗУ СОВРЕМЕННОГО УРОКА» тақырыбы бойынша қашықтан оқыту семинарына (вебинар) 7 оқытушы қатысып сертификатпен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 22 қаңтары күні “Жоғары медициналық колледж” базасында білім алушылардың  ІІ – семестрін офлайн ұйымдастырудың алғашқы шарттарын түсіндіру мақсатында 1 курс  қазақ тобы студенттерінің ата-аналарымен “Аралас оқыту тәртібі – ата-аналар көзқарасында” атты онлайн жиналыс өтті.

Жиналыста колледж директоры Саржанова Акбала Нұрсейітқызы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 25 желтоқсандағы №68 «Шектеу карантиндік шаралар және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ата-аналар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.

18-22 қаңтар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы ұйымдастырған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы ТжКБ жүйесіндегі педагогтың кәсіби дамуы» атты 40 сағат көлеміндегі курстан 15 оқытушы өтіп, сертификатпен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында әлеуметтік педагог Қожахметова Айгерім Нурланқызы және жастар ісі жөніндегі комитет инспекторы Қазжанова Айгерім Еркінқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «No 8 ІТ мектеп-лицей” КММ  оқушыларына колледж туралы мәлімет берді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс