+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

2020 жылдың 31 желтоқсаны күні «Жоғары медициналық колледж» директоры Саржанова Ақбала Нұрсейітовна колледж ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Құттықтау барысында жақсы тілектерін жолдап, оқытушыларды Мақтау қағазы және Алғыс хатпен марапаттады.

«Қосымша Халықаралық кәсіптік білім беру орталығының» 2020 жылдың 7 қарашасы мен 30 желтоқсан аралығында ұйымдастырған оқушылар мен студенттер арасындағы ІІ Халықаралық пәндік олимпиадасына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінен»  ШЖҚ МКК биология пәні бойынша Ахметова Құралай Даулетбекқызының жетекшілігімен  1 курс студенттері қатысып, І дәрежелі дипломмен және сертификатпен марапатталды.

«Корифей» білім орталығының 2020 жылдың 7 қарашасы мен 30 желтоқсан аралығында ұйымдастырған оқушылар мен студенттер арасында ІІ Республикалық олимпиадасына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінен»  ШЖҚ МКК биология пәні бойынша Ахметова Құралай Даулетбекқызының жетекшілігімен 9 студент қатысып, барлығы І, III дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

24.12.2020 жылы Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МҚК on-line түрінде әдістемелік кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Аттестатталатын оқытушылардың жұмыс тәжірибесі есебін талдау және қорытындалау. Баяндамашалар: Туканаева С.С., Каримбаева Б.Ш., Акбергенова А.И.
  2. Қашықтықтан оқыту технологиясынның инновациялық оқыту әдістері. Этнопедагогика элементтерін физиология сабағында қолдану. Баяндамашы: Рахманбердыева З.Х.
  3. Оқытушылардың Біліктілікті арттыру курстардың өту нәтижесі бойынша есебі. Баяндамашылар: Манатова К.К., Ахметова К.Д., Балтабекова С.А.
  4. Құқықтық оқулар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кызметшілерінің әдеп Кодексі» Баяндамашы: Құлахметова Р.М.

2020 жылдың 23 желтоқсаны күні «Түркістан жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК ұйымдастырған «Коронавирус (Pandemic Covid-19): оның салдары мен жеңудің ықтимал жолдары» атты Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінен» ШЖҚ МКК екі студент қатысты. 3 курс студенті Тұрсын Ақжанат «Covid-19 кезіндегі медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі және алдын алу шаралары» тақырыбы бойынша өз баяндамасымен сөз сөйледі. Жетекшісі Аренова Манаргуль Бейсембаевна.

Сонымен қатар, 2 курс студенті Тогтоосын Мөлдір Мұратқызы «Общие рекомендации, профилактика и безопасность медицинского персонала при Covid-19» тақырыбымен баяндама жасады. Жетекшісі Тукибаева Мадина Сериковна.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс