+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

2021 жылдың 25 ақпаны күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МҚК online түрінде әдістемелік кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды.

1. Аттестатталатын оқытушылардың жұмыс тәжірибесі есебін талдау және қорытындылау. Баяндамашылар: Ахмет Г.Ы., Кулахметова Р.М. 

2. Медбикелік ісіндегі ғылыми зерттеулер. Қолданбалы бакалавр түлектерінің білім беру бағдарламасы бойынша дипломдық жұмыстарын орындау және қорғау. Баяндамашылар: Кадышева И.В., Теслина Г.Н.

3. Оқытушылардың Біліктілікті арттыру  курстардың  өту нәтижесі бойынша есебі. Баяндамашы: Жакупова М.О.

4. Құқықтық оқулар «ҚР заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жауапкершілікті күшейту». Баяндамашы Иранова А.

Ағымдағы жылдың 24 ақпаны күні “Жоғары медициналық колледждің” базасында 1 наурыз-Алғыс айту күніне арналған “Алғыс-жүректен!” тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

Аталған іс-шараны колледжіміздің педагог-психологы Құлахметова Р.М. өткізді.

Тренинг барысында студенттер бір-біріне жақсы тілектер тілеп,  өз алғыстарын білдірді.

Тағылымы мол басқосу өтті.

Ағымдағы жылдың 15-19 ақпаны аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Жұлын нейрохирургиясының өзекті мәселелері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.Шеберлік сағатына елордамыздың көпсалалы ауруханаларының нейрохирургия мамандары қатысты және оны Германияның омыртқа хирургиясы клиникасының  басшысы, профессор Рудольф Бертаньоли жүргізді.

Аталған іс-шарада мамандар омыртқаның, жұлынның нейрохирургиялық ауруларының теориялық негіздері және клиникалық жағдайларды талдаумен тәжірибелік негіздер бойынша дағдылар алды, осылайша өздерінің жұлын нейрохирургиясы саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттырды.Өз мәресіне жеткен шарада профессор Рудольф Бертаньоли  шеберлік сағатында білім алған отандық мамандарға өз қолымен Сертификаттар табыстады.

Ағымдағы жылдың 16 ақпаны күні “Жоғары медициналық колледж” базасында “Jas Otan” ЖҚ елордалық филиалы өкілдерімен кездесу өтті.

Аталған кездесуде колледж студенттеріне ұйымның мақсаттары мен міндеттері, өткен жылда жүзеге асырылған жобалары мен жетістіктері туралы ақпарат беріліп, таныстырылым жұмысы жүргізілді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жоғары медициналық колледж” ШЖҚ МКК 2021 жыл ақпан айының 09 мен 20 аралығында “Қамқор болайық!” жарнасын ұйымдастырды.

Жарна аясында колледжде білім алатын ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан және мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында азық – түлік қоржынын табыс етті. ⠀Білім алушыларымызға жарқын болашақ тілейміз!⠀

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 111 "Акушер" тобының студенті Ермекбай Айжарқын дайындаған "Мұқағали-мәңгілік жыр" бейнеролигі.⠀

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс