8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  2024 жылдың 20 наурызда “Жоғары медициналық колледж” оқу залында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз ерекше ықыласпен тойланатын ізгі мейрамына қарсы “Ұлыс оң болсын” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: жас ұрпаққа бұл қастерлі мерекенің өнегелік маңызы зор екенін ерекше ұғындыру.Студенттерді қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық ойындар түрлері және қолөнер бұйымдарымен таныстырылды. Наурыз мерекесінде әр шаңырақта дайындалатын наурыз көженің де дайындау тәсілі айтылды. “ Ақ мол болсын!”, “ Ұлыс оң болсын!”

  20.03.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджіне қатысты. Қазақ халқының ұлттық аспаптары мен музыкасына, күй өнеріне деген құрмет сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында қатынасқан білім алушылар «Ерке сылқым» күйін орындады.

  18.03.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттау мақсатында өткен «Ұлтық киім күні» бірыңғай іс-шарасы аясында «Қара жорға» челленджіне қатысты.
Челленджге Студенттік Парламент мәдениет және өнер фракциясының студенттері қатысты.
#наурызшуағы
#наурыз2024
#ұлыстыңұлыкүні
@parlament_school_student

  12.03.2024ж. Жоғары медициналық колледжде 22 наурыз мерекесі қарсаңы «Наурыз шуағы» бірыңғай іс-шарасы аясында Ұлттық ойын күні бағытында қазақ халқының ұлттық ойындары «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Бес тас», «Қазақша күрестен» студенттер арасында қызықты сайыстар ұйымдастырылды.
Боз балалар мен қыздар арасында өткен жарыс өте көңілді де тартысты өтті. Шараның мақсаты қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау.

  16.03.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Наурыз шуағы» бірыңғай іс-шарасы аясында 22 наурыз мерекесі қарсаңында Қайырымдылық күнін өткізді.
Қайырымдылық күні Астана қаласы Көкжелек көшесі 2/2 үйінің тұрғыны І топтағы мүгедектігі бар Доротенко Екатерина Федоровнаға азық-түлік себетін алып барды, ауласын қардан тазалады.
Зейнеткер Доротенко Е.Ф. колледж студенттеріне ыстық ықыласын білдіріп, алғысын айтты.
# ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

  15.03.2024ж. Жоғары медициналық колледжде Мәдениет және өнер фракциясының студенттерінің ұйымдастыруымен 22 наурыз мерекесі қарсаңында «Ұлттық киім күніне» орай «Ұлттық костюмдер шеруі» ұйымдастырылды.
Шараға қатысқан білім алушылар қазақ халқының ұлттын нақыштағы киімдері мен қыз балалардың шашбау, сырға, алқа тағу мәдениетін насихаттады.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс