Колледж оқытушылары «AQNIET» Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының филиалы ұйымдастырған «2024» Спартакиадасының ашылу салтанатына қатысты
Колледж оқытушылары «AQNIET» Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының филиалы ұйымдастырған «2024» Спартакиадасының ашылу салтанатына қатысты
22.02.2024ж. Жоғары медициналық колледждің студенттері арасында педагог-психолог Р.Құлахметова «Мен және қоғам» байланыс сағаты аясында «Жат қылықтардан аулақ болайық» (Ішімдік және есірткі – тұңғиыққа қадам) тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Шара барысында білім алушылар жат қылықтардың қоғамға келтірер зиянын насихаттау барысында көріністер қойды, презентация көрсетті.
21.02.2024ж. Алаштың ақиық ақыны, сұңғыла жазушы, драматург, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналған «Хақ сөйле, қызыл тілім, адал сайрап» атты орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында өткен қалалық мәнерлеп оқу сайына 113 м/і қолданбалы бакалавр тобы студенті Сәрсенби Аян қатысып, жүлделі ІІІ – орын Дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
Жетекшісі - Гулшарипа Ыбыханқызы
19.02.2024ж. Жоғары медициналық колледждің 111 «Акушерлік іс» тобы студенттері арасында топ жетекшісі Г.О.Бозбаева «Мен және қоғам» атты ақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында білім алушыларға зиянды әдеттерге қатысты бейнефильм көрсетумен қатар «Мен және қоғам» тақырыбында презентация таныстырылды. Студент өмірінің қауіпсіздігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
19.02.2024 ж. № 3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің СӨС дәрігері А. Нұрмағамбетов Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «МӘМС» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында міндетті медициналық сақтандыру мәселелері, жүйенің артықшылықтары, сондай-ақ сақтандырылған және сақтандырылмаған азаматтарға берілетін көмек көлемі айтылды. Сондай-ақ, төлемдер, азаматтардың міндетті медициналық сақтандыру жүйесі мәселелері қаралды. Студенттермен медициналық сақтандыруға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Семинарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Джуманов Ғұламжан Иристаевич қатысып, студенттердің берген сауалдарына жауап берді.