8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  27.02.2024ж. Жоғары медициналық колледждің 121 м/і қ. бакалавр тобы жетекшісі Жаупанова З.Ж. топ студенттерімен «ҚАУІПСІЗ СТУДЕНТТІК ӨМІРІ» онкүндік аясында «Төтенше жағдай және алғашқы көмек» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Білім алушыларға төтенше жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек әдістері жайлы презентация мен тәжірибе көрсетілді.

  27.02.2024ж. «ҚАУІПСІЗ СТУДЕНТТІК ӨМІРІ» онкүндігі аясында Жоғары медициналық колледждің 115 м/і топ жетекшісі Тұрғынова Ж.О. студенттер арасында «Киберқауіпсіздік қажет пе, әлде қауіп пе?» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
  Адамзат қоғамының дамуына айтарлықтай әсер ететін кез-келген жаһандық құбылыс сияқты, интернеттің де оң және теріс жақтары бар екендігін дәлелдеген білім алушылар арасында тартысты шара болды.

  27.02.2024ж. «ҚАУІПСІЗ СТУДЕНТТІК ӨМІРІ» онкүндігі аясында Жоғары медициналық колледждің 131 «Акушерлік іс» тобы студенттері арасында топ жетекшісі А.Анарова «Төтенше жағдайлар және алғашқы көмек» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Алғашқы медициналық көмек оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілетін шаралар кешені екендігін, ең жиі кездесетін төтенше жағдайларда көрсетілуі тиіс алғашқы көмек түрлерінен ақпараттар беріп, оны тәжірибеде көрсетті.

  15.02.2024ж. Жоғары медициналық колледж 11 м/і, 13 м/і, 14 м/і топ студенттері арасында тарих пәні оқытушысы С.Сулейменова «Заң және тәртіп» аясында «Біз өз құқығымызды білеміз бе?» атты тақырыпта зияткерлік ойынын өткізді. Ойын барысында әр топ білім алушылары өз құқықтары бойынша пікір алмасты. Ойын нәтижесінде орындар беріліп, 11 м\і білім алушылары жеңіске жетті.

  27.02.2024ж. Жоғары медициналық колледждің 14 м/і кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылары арасында алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы М.Т. Жидебай «Төтенше жағдайлар және алғашқы көмек» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттердің жеке бас қауіпсіздігі оның алдын алу бойынша түсіндірілді. Студенттер тарапынан болған сауалдарға жауап берді.

Астана қаласы әкімдігінің “Жоғары медициналық колледжі” Сессияны сәтті аяқтап ІІ семестрге қадам басты!

#Ерлік#батырлық#қауіпсіздік @bilimastana @astana_adistemelik_ortalyq

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс