"Таза сессия" жарнасы басталды
- Қаралды: 963
СЕССИЯ БАСТАЛДЫ! Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК-де 2023 жыл 10.01 - 25.01 аралығында "Таза сессия" жарнасы басталды. Жарна жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Студенттер арасында "Мен таза сессияны қолдаймын" атты эссе және "Біз таза сессия үшін!" тақырыбында бейнеролик байқауы, "Адал бол - адам бол!" тренингі, анонимді сауалнама жүргізу жоспарланып отыр.

07.01.2023 ж. Жоғары медициналық колледждің волонтер оқытушылары мен студенттері Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы» әкімі аппараты, «Жастар рухы» ЖҚ бірлесіп жеке секторларда жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге көмек беру мақсатында ұйымдастырған «Мейірімді қала» акциясы аясында сенбілікке қатынасты. Сенбілікте қарттардың аулаларын, жолдарды қардан тазартты. Волонтер студенттер тарапынан көрсетілген көмекке қарттар дән ризашылығын білдірді.
28.12.2022ж. Жоғары медициналық колледж 121 м/і кешкі бөлім студенттері жаңа жыл қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де тәрбиеленіп жатқан балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап барды. Балаларға Аяз ата, қарша қыз сыйлықтар таратып, қуаныш сыйлады. Жаңа жыл құтты болсын!
28.12.2022 ж. Астана қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктін жұмыс жоспарына сәйкес «Республикадағы мейіргер ісін дамыту. Ғылым. Ізденіс. Инновация.» тақырыбында ІV Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияны ОӘБ төрайымы, колледж директоры Саржанова Акбала Нурсеитовна ашты.
22.12.2022 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК студенттері «Хабар агенттігінің» Жаңа жыл қарсаңындағы Есіл өзенін жалғаған «Атырау» көпірінде тұрып Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау түсірілім шарасына қатысты.