«VOLUNTEER FEST» жобасы аясында өткен фестиваль
- Қаралды: 945
19.12.2022 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-де жастардың белсенді өмір ұстанымын, әлеуметтік-жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында әлеуметтік, СӨС, мәдени-іс-шаралар, экологиялық бағытында жұмыс жасайтын колледждің ерікті студенттері Бейбітшілік және келісім сарайында «VOLUNTEER FEST» жобасы аясында өткен фестивальға қатысты.


15.12.2022ж. Жоғары медициналық колледжде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік Тәуелсіз елім!» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара ҚР-ның Әнұранымен ашылды.
15.12.2022 жылы Астана қаласы, жоғары медициналық колледж кітапханасында ,,Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 111 м/і білім алушылармен ,,Адамдар оқуды тастаған кезде, ойлаудан қалады" тақырыбы негізінде кітапханалық квилт өткізілді. Білім алушы ұл, қыздар кітапты оқудың адам өміріне маңыздылығы жайлы ой өрбітіп, пайдасы жайлы мағлұматтармен бөлісті. Арасында ғылыми дәлелдер келтіріп, ойшылдардың пікірлерімен ойларын қорытты. Қорыта келе ,,Ерік, жігері күшті кез-келген адам күн сайын жүйелі жұмыс жасай отырып, ойлау мүмкіндіктерін арттыра алады"- деп түйіндеді.
12.12.2022 ж. Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің психологі Рахимжанова Айымгул Ерланқызы Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмағандар арасында «Қарым-қатынас және топтың бірігуіне арналған тренингтер» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізді.
09.12.2022ж. СӨС туралы білімді қалыптастыру, қыс мезгілінде жарақаттанудың алдын алу мәселелерінен хабардарлықты арттыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің №3 «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің СӨС дәрігері А.Нұрмағамбетов Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенттері арасында «Жарақаттанудың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. 