+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 09 қараша күні Жоғары медициналық колледж студенттері арасында жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қылмыстық қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу олардың зардаптарының ауырлығын төмендету мақсатында тәрбие сағаттары өтті.

07.11.2022 ж. Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Отбасын құруды жоспарлау» атты тақырыпта дәріс өтті.

Дәрісті «Қазақстан жастары» қоғамдық қорының өкілі, психолог Тулитаева Бакытгуль Ергалиевна өткізді. Дәріс барысында студенттерге отбасы құндылықтары, жастар арасында отбасын құрудың маңызы туралы айтты. Студенттер тарапынан Неке және отбасы бағытында студенттер арасында дебат өткізу ұсынылды.

Ағымдағы жылдың 04 қараша күні Жоғары медициналық колледж оқытушылары Кощаева П.К., Михайлов О.Ж. Астана қаласы №68 мектеп-лицейінде ата-аналар мен мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, медицина мамандығының қоғамдағы алатын ерекше орыны жайлы, колледж дайындайтын мамандықтар туралы ақпараттар берді.

01.11.2022ж. Жоғары медициналық колледж студенттеріне Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС өкілдері Т.Советов, А.Жангараев «Діни сауаттылықты арттыру» атты тақырыпта дәріс өткізді.

Дәріс барысында рухани оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарында қандай да болсын діни насихаттауға жол бермеу, қоғамда әлеуметтік қатынастарды діни догмалармен емес, елдің заңдарымен реттеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс