ҚР Президенті Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауына байланысты түсіндіру жұмыстары
- Қаралды: 1061
Ағымдағы жылдың 05 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтің 2022 жыл 01 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында колледж оқытушылары мен студенттері «ЖАС АЙ» медициналық орталығы «Аманат» бастауыш партия ұйымының мүшесі, академик, профессор, м.ғ. докторы Зекейұлы Жасан, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы бойынша филиал директоры Налшыбек Асхат Бағдатұлы, Астана қаласы мәслихатының депутаты Жандилдаев Бақдаулет Болатұлымен кездесу өтті.

06.10.2022 ж. күні Жоғары медициналық колледждің педагог-психологі Р.М.Құлахметова жасөспірімдер арасындағы мәдени қарым-қатынасты қалыптастыру, студенттердің шығармашылығына қолдау көрсету, жасөспірімдердің бейімделу кезеңінде колледждегі психологиялық ахуалдың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында кәмелетке толмаған білім алушылармен «Біз біргеміз!» атты психологиялық сайыс өткізді.
2022 жылдың 30 қыркүйек күні Жоғары медициналық колледжде «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Оқытушылық өмір – ұрпақ сабақтастығымен...» атты мерекелік іс-шара өтті.
1 қазан - Халықаралық қарттар күні қарсаңында, колледж ардагерлері шақырылып оларға Жақсы көңіл күй сыйланды.
Ағымдағы жылдың 01 қазан «Қарттар күні» мерекесіне орай Жоғары медициналық колледж студенттері үлкендерді сыйлау, ізет көрсету, ақылдың кені қарияларымызға құрмет ету мақсатында қарттар күніне арнап құттықтауларын жолдады. 113 «Медбикелік іс» тобы студенттерінің ыстық ықыласын қабыл алыңыздар!
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні Жоғары медициналық колледжде «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» атты ата-аналар жиналысы өтті.