"Ғашықтық үні" атты іс-шара өтті
- Қаралды: 1262
15 сәуір - Қозы Көрпеш Баян сұлу күні қарсаңында колледж студенттерінің арасында "Ғашықтық үні" атты іс-шара өтті. Әр топ студенттері ел аузында аңыз болған ақ махаббаттың символына айналған қос ғашықтар образын сомдады. Отбасы құндылығын, адалдық пен сүйіспеншілікті дәріптеу мақсатында өткен шараға 111 қолданбалы бакалавр тобы білім алушылары жауапты болды. Шара екі жас арасындағы махаббат сезімдерін аялауда маңызға ие.


2022 жыл 06.04., 07.04 күндері Жоғары медициналық колледж базасында кәсіптік бағдар беру жұмысына бағытталған "Ашық есік" күні өз жалғасын тапты. №56 мектеп-лицейі, №2 мектеп-гимназиясы, №83 мектеп-гимназия, №52 мектеп-гимназия оқушыларына медицина мамандығының күрделі де қызықты қыр-сыры жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы пәндер оқытушылары Б.Жиеналина, С.Суюндикова "Шеберлік класын" көрсетті.
Жоғары медициналық колледж базасында 05.04-08.04 аралығында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында "Ашық есік" күні өтуде.
Сәуірдің 5-і күні Техникалық колледж базасында Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру мұғалімдеріне арналған «Үздік педагогикалық идея» қалалық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКҚК-нен арнайы пән оқытушысы Майжанова Ғалия Тоқтарқызы «Үздік бейнесабақ» номинациясы бойынша 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК 2022 жылдың 05.04-08.04 аралығында Нұр-Сұлтан қаласының 9-11 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру бағытында «Ашық есік» күнін өткізеді.