16.03.2022 ж. "Жоғары медициналық колледж" Студенттік Парламент көшбасшылары жастар арасында еріктілер белсенділігін арттыру мақсатында "Әлеуметтік жобалардағы еріктілер санын қалай арттыру қажет" атты Республикалық Студенттік Парламент көшбасшылары арасында өткен конференцияға қатынасты.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жоғары медициналық колледжінде салтанатты шара өтті. Таңертеңнен бастап мереке атмосферасы биледі - студенттер бір-бірін күлімдеп қарсы алып, сыйлықтармен алмасты! Дәстүр бойынша концерттік бағдарламаны ерлер орындады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жоғары медициналық колледжінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігін алған түлектерге салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті.
02.03.2022 ж. 8-НАУРЫЗ – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ажарлы, сұлу, ғажап тым, Қыздары қандай қазақтың?!» атты іс-шарасы өтті.
Бүгін 1 наурыз Алғыс айту күніне орай колледж студенттерінің арасында "Алғыс жүректен" атты тренинг өткізілді.
2022 ж. 28 ақпан күні Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК №1 арнайы пәндер онкүндігі жоспары бойынша «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәнінен үздік білім» атты бітіруші топтар 3 курс студенттері арасында сайыс-сабағы өтті.