+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жоғары медициналық колледждің Студенттік Парлмантінің өкілдері 1 наурыз - алғыс айту күнімен құттықтайды.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.

17 ақпанда Жоғары медициналық колледжде 2022 жылғы қолданбалы бакалавриат бағдарламасының түлектерінің болашақ жұмыс берушілермен - №10 қалалық емхананың директоры – Қасымова Айгүл Құбашқызымен және 5 қалалық емхананың бас медбикесі – Әбенова Күлзи Танашевнамен кездесуі өтті.

17.02.2022ж. 11 «Мейіргер ісі» оқу тобының ұйымдастыруымен «Мұқағали Мақатаев – рух және сезім» тақырыбында ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтің туған күніне арналған апталықтың қорытынды кеші өтті. Кеште апталық барысында ұйымдастырылған ақын өлеңдерінен өткен челлендж байқауының марапаттау рәсімі болды.

2022 жылдың 15 ақпанында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжімен бірлесіп «Мен донормын» акциясын өткізді. Қан тапсыру акциясы көп жылдар бойы Жоғары медициналық колледж қызметкерлері мен студенттері үшін жыл сайынғы шара болып келеді.

Орталық ұжымы барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, толық медициналық тексеруден өткен донорл болғысы келетіндерді қабылдады.

15 ақпанда әлемнің көптеген елінде Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні атап өтіледі. Ол науқас балалардың ата-аналары ұйымдарының халықаралық конфедерациясы бастамасы бойынша өткізіледі.

Дәрігерлер бұл күн қатерлі ісікке шалдыққан балалар мен ересектердің ауруды жеңіп шығатынымен астасып жатқанын айтады.

«Мұндай қауіпті ауруға шалдықпас үшін уақытылы диагностикадан өту маңызды. Егер ауру ерте сатысында анықталса, онда жазылып шығу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болмақ. Бірақ көбінесе, қатерлі ісік өте кеш анықталады. Мұндайда емдеу өте қиын, тіпті ең жаманы өлімге әкеледі», - дейді қалалық онкогематолог Татьяна Саблина.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс