Аккредитациялау аясында өнегелі сағатын көрсетілді
- Қаралды: 1285
2021 жылдың 22 желтоқсан күні колледждің оқу-тәрбие бөлімі колледжді аккредитациялау аясында өнегелі сағатын көрсетті. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шара ҚР «Ұлттық ұлан» курсанттарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын құрметпен кіргізіп, Әнұранмен басталды.
«Сөз зергері» клубының мүшелері Қаз дауысты Қазыбек бидің хонтайшыларға қазақтарды таныстыру сәтінен көрініс қойды.
Колледж студенттері «Жылдар шеруі» парадын жасады. Мазмұнды да, қызықты өткен шара келген қонақтардың көңілінен шықты. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шарада біздің колледждің үздік студенттеріне де құттықтау сөздері айтылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінде марапаттар мен алғыс хаттар табыс етілген салтанатты іс-шара өтті.
Жоғары медициналық колледж базасында 2021 жылдың 15 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде" атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара ҚР Мемлекеттік Туы құрметпен кіргізіліп Әнұран орындалды.
Біздің колледж қабырғасында өткен маңызды іс - шаралардың бірі, 15 желтоқсанда сарапшылардың "Саламатты ұрпақ-нұрлы болашақ" бағдарламасымен кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты: діни сауаттылықты арттыру және жастардың бойында толеранттылықты қалыптастыру және қоғамдық бірлікті нығайту, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу.
14 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында "Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті" жобасының жеңімпаздарына салтанатты түрде табыстау өтті.